СҚО-да KazakhExport қатысуымен өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

СҚО-да KazakhExport қатысуымен өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында өңір экспорттаушылары, облыс әкімдігінің қызметкерлері, «KazakhExport» ЭСК АҚ, «QazTrade» АҚ және «Qazindustry» АҚ компаниялары өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар экспорт және сыртқы нарықтарға шығу, көлік шығындарын өтеу талаптары, өңделген өнімді экспорттаушылар үшін сақтандыру және тағы басқа бірқатар мәселелерді талқылады.

ӨЭК басты міндеті бизнес-қоғамдастық өкілдерінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және экспортты дамыту институттарымен тікелей байланыс орнату болып табылады.

Петропавл қаласына жұмыс сапары шеңбері KazakhExport пен QazTrade өкілдері жергілікті өндірістік компанияларға барып, кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты.

Петропавл қаласына жұмыс сапары барысында «KazakhExport» ЭСК» АҚ пен «QazTrade» АҚ өкілдері жергілікті өндірістік компанияларға барып, кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, компания өкілдері экспортқа бағдарланған «Радуга» ЖШС, «Cool Infinity» ЖШС, «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС, «Eurasian Milk» ЖШС және «Кирпич СК» ЖШС кәсіпорындарын аралады.

«Raduga KDR» компаниясы - халық тұтынатын тауарлардың ірі қазақстандық өндірушісі мен дистрибьюторларының бірі. Қазіргі уақытта әртүрлі санаттағы өнімдердің 700-ге жуық атауы бар.

«Cool Infinity» ЖШС тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған термос вагондар мен рефрижераторлық вагондар өндірісімен айналысады.

«Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС 2021 жылдың басында ашылды, алайда өзін белсенді экспорттаушы ретінде көрсетті. Кәсіпорынның таяу шет елдерден және Еуропадан (Польша, Литва, Германия және т.б.) ламинатталған фанера сатып алушылары бар.

«Eurasian Milk» ЖШС «Eurasian Foods Corporation» холдингінің жақында ғана іске асырылған инвестициялық жобасы болып табылады. Сары май, қаймақ, түрлі ірімшіктер шығаруға бағдарланған, жаңғыртылған сүт зауыты жылына 128 мың тоннаға дейін қайта өңделген сүт өнімдерін өндіруге қабілетті.

«Кирпич СК» ЖШС - өз қызметін 2022 жылдың 2 тоқсанында бастаған кірпіш өндіретін зауыт. Кәсіпорын жылына 45 млн-ға дейін кірпіш өндіруді жоспарлап отыр, бұл өңірдің құрылыс ресурсына деген қажеттілігінің шамамен 30%-ын жабады.