Бішкекте « KazakhExport» ұлттық компаниясының қаржылық-сақтандыру мүмкіндіктері ұсынылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Бішкекте « KazakhExport» ұлттық компаниясының қаржылық-сақтандыру мүмкіндіктері ұсынылды

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы (КР) Сауда-экономикалық миссиясы (СЭМ) алаңында қаржылық-сақтандыру қолдау құралдарын ұсынды.

СЭМ «QazTrade» АҚ пен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен (ҚР) бірлесіп ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Іс-шараға Қырғыз Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, «QazTrade» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ өкілдері және шикізаттық емес сегменттің қазақстандық өндірушілері қатысты.

Іс-шара аясында қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік импорттаушылар пайдалана алатын қолдау құралдарымен таныстырды. «KazakhExport» Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқажанов Қазақстаннан Қырғыз Республикасына шикізаттық емес өнімдер мен қызметтердің қазақстандық экспорттаушыларына қолдау көрсету бойынша жобалар тұрақты негізде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Мысалға, экспорттық келісімшарт бойынша төлемді кейінге қалдыруды сақтандыру шеңберінде отандық кондитерлік өнімдер, май-тоң май, ұн және шай өнімдерін, жеңіл өнеркәсіпті (кілем бұйымдары) өндірушілер және көптеген басқалары қолдау алды.

«Біз «Ұлы көшпенділер мұрасы» ұлттық холдингтік компаниясы» ААҚ-пен, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Инвестицияларды ілгерілету жөніндегі ұлттық агенттікпен кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жұмысты жалғастыруға ниеттіміз, бұл қазақстандық экспорттаушыларға KazakhExport-тың қолдау құралдарын пайдалана отырып, инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазақстандық металл илегі өнімдерін, қызметтерді, тікұшақтарды және басқа да тауарлар топтарын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деді Қ. Мұқажанов.

Сондай-ақ, іс-шара барысында жалпы жобалар мен бастамалар шеңберінде одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары мен практикалық аспектілерін талқылау мақсатында G2G, B2G және B2B форматтарында екіжақты кездесулер мен келіссөздер өтті.

Естеріңізге сала кетейік, KazakhExport-тың Қырғыз Республикасындағы шетелдік өкілінің кеңсесі 2019 жылы Бішкек қаласында ашылды. Кеңсені Алымбек Орозбеков басқарады. Өз қызметі аясында А. Орозбеков кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатуға, қазақстандық кәсіпорындар мен Қырғыз Республикасындағы әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыруға, сондай-ақ екі жақты мәмілелердің тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.