Кентау трансформатор зауытының базасында Industrial Synergy 2016 ғылыми-техникалық конференциясы өтті
2016 жылғы 28 қазанда Кентау қаласында Кентау трансформатор зауытының базасында Industrial Synergy 2016 ғылыми-техникалық конференциясы болып өтті. Іс-шара барысында Қазақстанда алғаш рет шығарылған қуаттылығы 80 Мегаватт трансформатор таныстырылды.
Конференция Қазақстан Республикасында ғылымды қажет ететін өндірістер мен инновацияларды дамытуға арналған. Іс-шараға Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан 200-ге жуық делегат қатысты. Кентау қаласының Мәдениет сарайында өткен пленарлық отырыстың барысында елдің ғылымды қажет ететін өндірісін дамытудың келешектері, секторды және ғылыми әзірлемелерді мемлекеттік қолдаудың мәселелері талқыланды. Отырыстың спикерлері «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Тимурлан Алтаев, ҚР Білім министрлігінің Ғылым қорының вице-президент Бауыржан Жұмағалиев, «Алматы желдеткіштер зауыты» АҚ президенті Марат Баққұлов және «KazakhExport» АҚ сақтандыру департаментінің директоры Қуаныш Мақажанов болды.
Конференцияның қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін қосарлы оқыту жүйесі бойынша жас мамандарды даярлаумен айналысатын Кентау политехникалық колледжіне экскурсия ұйымдастырылды.
Бұған қоса, іс-шараның шеңберінде «Кайдзен Арсенал» және «Арсенал Успеха» (Ресей) компанияларының жетекші жаттықтырушы-консультанты Анатолий Феськовтың шеберлік сабағы болып өтті.
ОҚО-ның ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының озық кәсіпорны бола отырып, Кентау трансформатор зауыты Қазақстанда алғаш рет қуаттылығы 80 Мегаватт трансформатор шығарды. Бұл жемісті еңбектің нәтижесін зауыттың ғана емес, бүкіл республиканың тарихи уақиғасы деп айтуға болады, өйткені Кентауда жасалған трансформаторлар 63 МВт дейінгі қуаттылықпен шығарылған болатын.
ТОП-менеджерлерінің жоғары біліктілігінің және ұйымдастыру шеберліктерінің арқасында Кентау трансформатор зауытының ұжымы өткен жылы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Өндірістің жоспарланған көлемі артығымен орындалып, пайда 11 млрд. теңгені құрады.
Егер 2015 жылдың екінші жартыжылдығында экспорттың үлесі 33 %-ға дейін өссе, енді биыл бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Экспорттың үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарланған зауытта Кентау қаласының 1200 тұрғыны 3 ауысыммен тұрақты еңбек етеді.
Көзі: ae-ktz.kz