Тауарын сыртқы нарыққа шығарғысы келетін кәсіп иелеріне қолдау бар | Бейнегалерея | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Бейнегалерея

Тауарын сыртқы нарыққа шығарғысы келетін кәсіп иелеріне қолдау бар

Экспорттық-кредиттік агенттік осындай мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24kz.

Қазіргі таңда агенттікке жүгінген 96 кәсіпкер өз өнімін алыс-жақын елдерде саудалап жатыр. «Бизнесті қолдау шараларын арттырып, цифрлық сервистерді дамыту, сондай-ақ жаңа өнімдерді енгізу мақсатымыз», - дейді мамандар.

KazakhExport атауымен танымал компания Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылы қайта құрылды. Бұл – әлемдік стандарттарға сай Орталық Азиядағы алғашқы Экспорттық-кредиттік агенттік. Негізгі міндеті – шикізаттық емес тауарлар экспортын қамтамасыз ету.

Мадина Ержанова, Экспорттық-кредиттік агенттік басқарма төрағасының орынбасары: - Біз экспорттаушыларға, банктерге және шетелдік сатып алушыларға сыртқы сауда кезінде төлем жасамау, тауар алмау қауптерінен сақтандыру ұсынамыз. Бұл – экспорттаушылар үшін үлкен көмек. Сонымен қатар қай елде қандай тауар сатуға болады, қандай серіктестермен жұмыс істеу жайында кеңес пен қолдау көрсетеміз. Жалпы айтқанда, агенттік ретінде экспорт алдындағы сауда мен саудалық қаржыландыруды күшейттік, және қайта сақтандыру көлемін екі жарым есеге көбейттік.

Былтыр компания 8,8 млрд теңге көлемінде рекордтық пайда тапты. 468 келісімшарт жасалып, 96 кәсіпкерге 335 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілді. Мамандар биыл 6 айдың өзінде қаржылай көмек 300 млрд теңгеге жетуі мүмкін деп топшылап отыр. Негізінен азық-түлік, металлургия, ауылшаруашылығы өнімдері экспортталады. Компания қазақстандық нарық талаптарына сай 20-дан астам қолдау құралын ұсынады.

Мадина Ержанова, Экспорттық-кредиттік агенттік басқарма төрағасының орынбасары: - Біз экспортты қолдау құралдарын үнемі жаңартып отырамыз. Мысалы, былтыр кепілдік беретін бес жаңа құрал енгіздік. Соның арқасында қазақстандық компаниялар Өзбекстанда тендерлерге қатыса алды.

Өтінім беруден бастап келісімшартқа қол қоюға дейінгі рәсімдер «Экспорттаушының жеке кабинеті» арқылы онлайн жүзеге асырылады. Қызметтің мұндай түрі Online.kazakhexport.kz және компанияның ресми сайтында қолжетімді

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/zharnama/709712-tauaryn-syrtky-narykka-sygargysy-keletin-kasip-ielerine-koldau-bar

chat Кеңес ал!