Сыртқы сауда, тарифтер және қазақстандық экспортты ілгерілету
Сенаттың YouTube-арнасында сыртқы сауда күн тәртібі мен қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелеріне арналған Taldau Talks подкастының жаңа шығарылымы жарық көрді. Назар аудартатын басты тақырыптар – жаһандық тарифтік үрдістер, отандық экспорттаушыларды қолдау, сондай-ақ логистикалық тізбектер мен көлік инфрақұрылымын дамыту.
Подкасттың жүргізушісі және модераторы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев болды. Талқылауға сондай-ақ Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин және KPMG Кавказ бен Орталық Азияның серіктесі Болат Мыңбаев қатысты.
