«Рахат» фабрикасы жаңа нарықтарға шығады | Бейнегалерея | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Бейнегалерея

«Рахат» фабрикасы жаңа нарықтарға шығады

Қазақстандық «Рахат» компаниясының өнімдері ТМД елдерінде ғана емес, алыс шетелде де жоғары сұранысқа ие.

Компания Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігімен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде осындай жетістікке жетті. Агенттік отандық өндірушілерге өз өнімдерін жаңа нарыққа шығаруға көмектесетін ұлттық институт саналады.

«Рахат» кондитер фабрикасының  басты бренді –  «Қазақстан» шоколады. Танымал тәтті шоколад ұлттық сапаның символына айналған. Бүгінде компания өз өнімін 10 елге, соның ішінде АҚШ-қа да экспорттайды. Бұл істе оларға Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі көмектеседі. «Рахат» шетелдік серіктестеріне төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынып отыр.  Ал ол келісім  Агенттік тарапынан сақтандырылады.

Камиль Миррахимов, "Lotte Rakhat" АҚ экспортты дамыту директоры:

«Біз негізінен барлық ірі экспорттық клиенттермен KazakhExport арқылы жұмыс істейміз. Биыл «KazakhExport-пен» ауқымды келісім-шартқа қол қойдық. Ол тек бізге ғана емес, серіктестеріміздің де дамуына көмектеседі». 

Қазір «Рахат» компаниясы өз географиясын кеңейтіп, Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі экспорттаушыларға  сақтандыру, кепілдік және қаржылық қолдау шаралары арқылы жаңа нарықтарға шығуға көмектеседі. Сондай-ақ шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға жәрдемдеседі. Қазіргі таңда Агенттік портфелінде 20-дан астам қолдау құралы бар.

Алмас Қалқаев, "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ Алматы қаласындағы өкілдік директоры:

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі «Рахат» акционерлік қоғамымен 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта компанияның он шетелдік контрагенті сақтандырылған. Бекітілген лимиттер сомасына қарай, компания бізден жеңілдетілген қаржыландыруға үміт арта алады». 

Былтыр Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі отандық экспорттаушыларға 337,4 млрд теңгеге қолдау  көрсетті, одан келіп түскен жалпы экономикалық тиімділік 2,5 трлн теңгеге жетті.

А.Садуақас, К.Амраев

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/704005-rakhat-fabrikasy-zhana-naryktarga-shygady

chat Кеңес ал!