Экспорттаушыларға арналған ең тиімді құрал: Қостанайлық май зауытының басшысы Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қолдауы туралы
ТОО «Промбаза-7» өнімдері Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Польша елдерінде танымал және сұранысқа ие.
Компания экспортқа алғаш рет 2019 жылы шыққан болатын, алайда 2022 жылы KazakhExport-пен (қазіргі – Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі) серіктестікті бастағаннан кейін шетелге жеткізу көлемін бірнеше есе арттырды.
Қалай басталды және қай деңгейге жетті
Фёдоровка ауылындағы май зауыты 2018 жылы іске қосылды. Әуелде жұмыс шағын цехтан басталған еді, алайда уақыт өте келе кәсіпорын басшылығы: «бәсекеге қабілетті болып, нарықта тұрақтап қалу үшін даму және өндірістік қуаттарды арттыру қажет» деген шешімге келді. Осылайша, зауытта престеу, экстракция және рафинация цехтары іске қосылды. Қазіргі таңда кәсіпорын рафинацияланған және рафинацияланбаған май, сондай-ақ шрот өндіреді. Айта кету керек, зауытта пайдаланылатын шикізаттың 10%-ы – компанияның өз егіс алқаптарында өндірілген өнім.
Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 200 тонна май өндіруге жетті. Зауытта 50-ден астам адам жұмыс істейді. ТОО «Промбаза-7» өнімдерінің 95%-ы экспортқа жөнелтіледі.
Алайда бұл көрсеткіштерге Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен (ЭКА) серіктестік болмаса, қол жеткізу мүмкін болмас еді, дейді кәсіпорын басшысы Мұқамбетжан Ақұлов..jpg)
«Тыныс алу жеңілдеді»
Дәл осы сөздермен май зауытының басшысы Мұқамбетжан Ақұлов Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің (ЭКА) қолдауына қатысты әңгімесін бастады. Дәл осы Агенттіктің көмегімен кәсіпорын экспорттаушы ретінде өсіп-өркендеді.
«Ең қуатты, ең заманауи зауытты салуға болады, бірақ егер айналым қаражатың болмаса, ол зауыт қаңырап бос тұрады, ескерткіш сияқты. 2022 жылы мен екінші деңгейлі банктердің біріне несие алу үшін жүгіндім. Қаражат маған, соның ішінде, кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үлкен көлемде шикізат сатып алуға қажет болды. Бірақ кез келген кәсіпкер растай алады – БВУ-дан несие алу оңай емес. Себебі кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болады. Банктер кәсіпорынның орналасқан жеріне, жабдықтарға және өздерінің тәуекелдерді бағалау шкаласына қатты мән береді. Міне, осы кезде мемлекет, менің ойымша, экспорттаушылар үшін тамаша құрал ойлап тапты – айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелерді сақтандыру механизмі, оны Экспорттық-кредиттік агенттік жүзеге асырады», – деді Мұқамбетжан Ақұлов.
Іс жүзінде бұл ЭКА банктің алдындағы несие сомасының 90%-ына дейінгі бөлігін сақтандыратынын білдіреді. Яғни, кәсіпкер үшін кепілзат мәселесі өздігінен шешіледі, ал ол еш кедергісіз несие ала алады.
«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қолдауы мен олардың сақтандыру бағдарламасының арқасында біз қажетті қаржыға қол жеткіздік. Бұл бізге табысты дамуға және бүгінгі жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді, экспорт көлемін бірнеше есе арттырдық. ЭКА-ның бізге деген сенімі біз үшін маңызды, біз үшінші жыл қатарынан өз міндеттемелерімізді орындаймыз. Қазіргі таңда біз Қазақстанның Даму Банкімен жұмыс істеп жатырмыз, себебі бізге күнбағыс сатып алу үшін едәуір қаражат қажет – майлы дақылдар нарығында ол тапшы. ЭКА-ның несие сақтандыру құралы өте орынды әрі қажет сәтте көмек болды, өйткені Агенттік банктің алдында өндірісіміздің кепіліне айналды», – деп түсіндірді Мұқамбетжан Ақұлов.
Май зауытының басшысы экспорттаушыларды қолдауға арналған құралдардың ЭКА-да аз еместігін айтады. Болашақта ол тек несие сақтандыруынан бөлек, Агенттіктің басқа да бағдарламаларына жүгінуді жоспарлап отыр, себебі алда өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, жаңа шетелдік нарықтарға шығу көзделіп отыр. Сонымен қатар, «Промбаза-7» ЖШС тәулігіне 350–400 тонна шикізат өңдеуге мүмкіндік беретін қуаттылыққа жетуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде нарықтағы позицияны нығайтып, экспорттық әлеуетті арттыра түспек.
«Экспорттаушылар үшін мұндай тиімді құралды бұрын көрген емеспін. Ішкі нарықта, мысалы, мұндай қолдау тетіктері жоқ. Егер мүмкін болса, ЭКА-да өтінімдерді қарау мерзімін қысқартса деймін, өйткені бизнесте әр күн маңызды», – дейді кәсіпорын басшысы.
.jpg)
Өзара тиімді шешім
ЭКА өкілдерінің хабарлауынша, агенттікпен ынтымақтастық май зауытына айналым қаражатын толықтыру үшін 3,5 млрд теңге тартуға мүмкіндік берді. Қазіргі замандағы бизнесте несиелендіру аса маңызды рөл атқарады, алайда банктер әрдайым ірі сомаларды ұсынуға дайын бола бермейді. Мұндай жағдайларда ЭКА экспорттаушының кредитор алдындағы міндеттемелерін өз мойнына алады. Бұл барлық тарап үшін тиімді – «win-win» моделінің классикалық мысалы.ЭКА-ның аймақтық менеджері Темірхан Тішбаевтың айтуынша, өңдеумен байланысты барлық бағыттар, соның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі жобалар да Агенттік үшін жоғары басымдыққа ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ЭКА тарапынан экспорттаушыларға көрсетілген қолдау көлемі рекордтық көрсеткішке – 337,4 млрд теңгеге жетті.
«Соңғы жылдары өсімдік майына әлемдік нарықтағы тұрақты сұраныстың артуы қазақстандық өндірушілер үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады. Біздің көпжылдық серіктесіміз – “Промбаза-7” ЖШС, ЭКА-мен бірлесіп жұмыс істеген жылдары жеткізу географиясын айтарлықтай кеңейтіп, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Польшаға экспортты жолға қойды», – деді ЭКА-ның аймақтық менеджері Темірхан Тішбаев.
2024 жылы Агенттік 96 экспорттаушыны қолдап, олардың 350 шетелдік серіктеспен келісімшарт жасауына жәрдемдесті. Айта кетерлігі, ЭКА портфелінің жартысын шағын және орта бизнес субъектілері құрайды.
«Экспорттаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып және нарықты сараптай келе, ЭКА қолданыстағы өнімдер тізбесін үнемі жаңартып, қазақстандық өндіруші-экспорттаушыларға арналған жаңа қаржы құралдарын енгізуде. Мәселен, биылғы ақпанда ЭКА жаңа қаржылық өнім – экспорттық операцияларға кепілдік беру құралын іске қосты», – деп атап өтті Темірхан Тішбаев.
Агентство предлагает различные виды гарантий, минимизирующие риски невыполнения обязательств экспортёров по контрактам в рамках международных конкурсов и тендеров: тендерные гарантии, гарантии исполнения обязательств по контракту, гарантии возврата авансового платежа по контракту и гарантии исполнения обязательств экспортёра. Эти инструменты повышают доверие партнёров и способствуют расширению географии экспорта.
