Тәжікстанның мемлекеттік банкі Қазақстаннан инвестиция тарту үшін алғаш рет аккредитивтер шығарды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Тәжікстанның мемлекеттік банкі Қазақстаннан инвестиция тарту үшін алғаш рет аккредитивтер шығарды

Тәжікстан Республикасының жүйе құраушы «Амонатбонк» мемлекеттік жинақ банкі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін алғашқы аккредитивтерді шығарды, олардың шеңберінде Қазақстаннан металл илегі мен автокөлік сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды. Қаржыландыру «KazakhExport» мемлекеттік компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық қаржы институттары есебінен жүзеге асырылды, жиынтық лимит 5 100 000 АҚШ доллары көлемінде белгіленді.

Қаржыландыру Душанбе қаласының таксопаркін кеңейтуге және тұрғын-үй құрылысы жобасына «Холдинг Азия групп Таджикистан» ЖАҚ инвестицияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын болады.

Тәжікстандағы KazakhExport-тың шетелдік өкілі Рамеш Худоиев: «Бүгінгі таңда «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-мен 175 бірлік көлемінде JAC маркалы автомобильдерді жеткізуге жалпы сомасы 2,5 млн АҚШ долларына, сондай-ақ «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-мен құрылыс арматурасын жеткізуге 10 млн АҚШ долларына шарт жасалды. Мұндай мәмілелердің жасалуы - ең алдымен ел экономикасына инвестициялар», - деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстан-Тәжікстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр отандық тауарлардың жеткізілімін арттыру қажеттігін айтқан болатын. KazakhExport осы бағыт бойынша Тәжікстаннан келген сатып алушылармен тиімді өзара іс-қимыл орнату бойынша жұмыс жүргізуде.

Тәжікстан Республикасындағы KazakhExport кеңсесі 2019 жылы ашылды. Осы кезеңде Қазақстаннан Тәжікстанға өнімдер мен қызметтер экспортын жүзеге асыратын өнеркәсіптің түрлі салаларындағы қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша бірқатар жобалар іске асырылды.

Атап айтқанда, Тәжікстандағы инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді, оның ішінде «Сомон Эйр» ЖШҚ әуекомпаниясы үшін 2 млн еуродан астам сомаға «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-нің Н125 Airbus Helicopters маркалы тікұшағын жеткізу қаржыландырылды.

Тәжікстанға «Шымкентмай» АҚ өндірушісінің өсімдік майын және «Алматы өнімі» АҚ, «Рахат» АҚ, «Баян Сұлу» АҚ өндірушілерінің кондитерлік өнімдерін жеткізу, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісінің металл илегін ТР-дағы ірі жобалар құрылысы үшін жеткізу «Hyundai Trans Auto» ЖШС, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС өндірісінің автобустарын ТР-дағы өңірлік тасымалдар үшін жеткізу, «Казогнеупор» ЖШС өндірісінің металлургиялық салаға арналған өнімін жеткізу, «Қазфосфат» ЖШС өндірісінің тыңайтқыштарын ТР-дағы ауыл шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жеткізу қаржыландырылды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 604,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ға жоғары (436,4 млн. АҚШ доллары). Бұл ретте осы кезеңде өңделген тауарлардың өзара саудасы 284,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары (245,8 млн. АҚШ доллары). 2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 280,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Анықтамалық:
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ байланыс ақпараты:
Ақпарат және коммуникациялар департаменті
Зарина Пахирдинова
+7 707 261 11 62
z.pakhirdinova@kazakhexport.com

Тәжікстан Республикасындағы
шетелдік өкіл
Рамеш Худоиев
+99 293 505 07 77
r.khudoiev@kazakhexport.kz

Сақтандыру департаменті
Алмагуль Маженова
+7 747 444 17 41
a.mazhenova@kazakhexport.kz