«KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесі жалпы 52 млрд теңге сомаға қарызды сақтандыру шарттарының жасалуын мақұлдады | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесі жалпы 52 млрд теңге сомаға қарызды сақтандыру шарттарының жасалуын мақұлдады

Қазақстанның әртүрлі облыстарындағы машина жасау, металлургия және май өңдеу кәсіпорындары экспорттық қолдауға ие болады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті.

Отырыста бірқатар жұмыс мәселелері қаралды, оның ішінде салалар бөлінісінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ сақтандыру портфелін талдау бойынша ақпарат, «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма мүшелері қызметінің 2022 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің картасы, Қоғамның 2022 жылға арналған бизнес-процестер, тәуекелдер және бақылаулар матрицасы, 2022-2026 жылдарға арналған Қоғамның ақпараттық технологияларын дамыту стратегиясы бекітілді.

Директорлар кеңесі:

  • «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Еуразиялық Банк» АҚ арасында 15 млрд теңге сомасына қарызды ерікті сақтандыру шартының жасалуын;
  • «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арасында 33 млрд теңге сомасына қарызды ерікті сақтандыру шартының жасалуын;
  • «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Altyn Shyghys» ЖШС және «AOM SDF 1 B.V.» арасында 4 млрд теңге сомасына қарызды ерікті сақтандыру шартының жасалуын мақұлдады.

Алынған қаражатты экспорттаушы кәсіпорындар автомобильдер шығару үшін жиынтықтаушылар, май экстракциялау зауыты үшін шикізат сатып алуды ұлғайтуға, Павлодар облысы, Екібастұз қаласында жылына 240 000 тонна өндірістік қуаты бар ферроқорытпа зауытын салу бойынша жобаны іске асыруға жұмсайды.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.
«СарыарқаАвтоПром» зауыты
- «Allur» компаниялар тобына кіретін Қазақстанның ірі автоөндірушісі. Қазақстанда өнеркәсіптік құрастыру талаптарына сай келетін алғашқы зауыт, оның аясында шанақтарды дәнекерлеу, бояу және құрастыру жұмыстары орындалады. Зауыт автокөлік құралдарының барлық түрлерін шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС
- Павлодар облысы, Екібастұз қаласында жылына 240 000 тонна өнім шығару өндірістік қуаты бар ферросилиция шығаратын жаңа зауыт салу жобасын іске асыруда. Жоба 2021-2023 жылдар кезеңінде жүзеге асырылмақ. Зауыттың орналасу орны ГРЭС жақын орналасуына, ыңғайлы логистикаға, Сәтбаев атындағы су арнасының болуына сүйене отырып таңдалды.
«Altyn Shyghys» ЖШС
- Шығыс Қазақстан облысындағы майлы дақылдар тұқымын терең өңдейтін жаңа май экстракциялау зауыты, тазартылмаған күнбағыс майы мен шрот өндіруші.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметі