KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 450-ОД бұйрығымен Руслан Искаков - «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - тұтастай алғанда Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Руслан Искаковтың қаржы секторында үлкен тәжірибесі бар. 2016 жылдың ақпанынан бері «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметі