«KazakhExport» ЭСК» АҚ 2020 жылғы таза пайдасы 3,9 млрд теңгегені құрады | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ 2020 жылғы таза пайдасы 3,9 млрд теңгегені құрады

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның өткен жыл үшін тексерілген қаржылық есептілігі жарияланды

Есепке сәйкес 2020 жылы «KazakhExport» ЭСК» АҚ активтері 2019 жылмен салыстырғанда 39%-ға өсіп, 88,2 млрд теңгеден 122,9 млрд теңгеге жетті.

Бұдан басқа, Қоғамның таза пайдасының сомасы 63%-ға дерлік ұлғайды. Егер 2019 жылдың қорытындысы бойынша «KazakhExport» ЭСК» АҚ 2,4 млрд жуық пайда тапса, 2020 жылы - 3,9 млрд теңгеге жуық болды. Негізгі кірісті сақтандыру сыйлықақылары құрады.

Бір жыл бұрын 79,2 млрд теңгені құраған «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның меншікті капиталы 109,4 млрд теңгеге дейін өсті.      

Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның 2021 жылғы 21 сәуірдегі шешімімен «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның 2020 жыл қорытындысы бойынша таза пайдасының 70%-ы дивидендтер төлеуге бағытталатын болады. Дивидендтер сомасы 2,7 млрд теңгеден асады.

«Короновирус дағдарысы кезеңінің қиындықтарына қарамастан, біз барлық бизнес-процестердің тиімділігін сақтап қалдық. Ай сайынғы негізде біз ахуалдың өзектілігін сыртқы конъюнктураның қаржылық және тәуекелдік көрсеткіштеріне теріс әсері болуы мүмкіндігі бойынша бағалаймыз. Жекелеген қарыз алушыларды талдаудан басқа, тұтастай алғанда кредиттердің шоғырлануына және нарықтық тәуекелдерге қатысты инвестициялық портфельді бағалау жүргізіледі», - деп атап өтті «KazakhExport» ЭСК» АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаков.

Қоғамның аудиттелген қаржылық есептілігімен толығырақ «KazakhExport» ЭСК» АҚ веб-сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://kazakhexport.kz/file/save/1793

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ( «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.