Қазақстанда жаңа май экстракциялық зауыты ашылады
Осылайша, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысында Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Еуроодақ елдері сияқты бағыттар бойынша дайын өнімді одан әрі экспорттау үшін күнбағыс майы мен жоғары протеин түйіршікті шрот өндірісіне мамандандырылған «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС жаңа заманауи май экстракциялық зауыты пайда болады.
«Салынып жатқан май экстракциялық зауыттың дайын өнімінің 90% - дан астамын сыртқы нарықтарға жеткізу (экспорт) жоспарлануда. Қазіргі уақытта әлеуетті серіктестермен Қытайға, Өзбекстанға, Еуроодақ елдеріне қазақстандық өсімдік майын жеткізуге келісімшарттар жасасу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Біздің жоспарларымызда екінші кезеңде тазарту және дезодорациялау цехын, сондай-ақ экспорттық әлеуеті жоғары және Өзбекстан, Иран, Үндістан, Пәкістан және т. б. елдерге экспортталуы мүмкін тазартылған майды құю цехын пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деп атап өтті «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС директорының орынбасары Нұратұлы Алтынбек.
Өсімдік майын сыртқы нарықтарға экспорттық жеткізуді іске асыру үшін «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландыруды тартты.
«Экспортқа бағытталған қазақстандық кәсіпорындарға ұзақ уақыт бойы Қазақстанның Даму Банкі тарапынан тиімді қолдау көрсетіліп келеді. Алынған қаржыландыру бізді толығымен қанағаттандырады және біз ҚДБ-мен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз», - деп атап өтті «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС басшысының орынбасары.
ҚДБ қарызының көлемі 3 жыл мерзімге 4,4 млрд теңгені құрады. Экспорттық операция өңдеу өнеркәсібі тауарларының қазақстандық экспортын қолдау үшін 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Банк берген қаржы қаражаты шикізат (майлы дақылдар тұқымдары), материалдар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалады.
ҚДБ өкілдерінің айтуынша, май экстракциялық зауытын салу және іске қосу бойынша «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС жобасының жалпы құны 12,5 млрд теңгені құрады, оның 4,4 млрд теңгесін дайын өнімді экспорттық жеткізуді жүзеге асыру мақсатында ҚДБ ұсынған.
«Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі өте өткір тұр. Қайта өңдеушілер отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін майлы дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайтуға ынталандырады, бұл майлы дақылдарды жинауды ұлғайтуға және өсімдік майына, оның ішінде отандық нарыққа қажеттілікті қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Жоба қазақстандық шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдаудың негізгі институттарының бірі ретіндегі Банктің негізгі миссиясына толық көлемде жауап береді, сондай-ақ қазақстандық өңделген өнімнің экспортын, оның ішінде көршілес Қытай аумағында ілгерілетуге ықпал етеді. Бұл жиынтығында экспорттық нарықтардағы өз позицияларымызды бекітуге және күшейтуге мүмкіндік береді», - деп бөлісті ҚДБ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Владимир Ли.
«QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС сондай-ақ 4,4 млрд теңге сомаға қарызды сақтандыру арқылы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ тарапынан қолдау алды, бұл еліміздің екі қаржы институтының («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымдары) табысты синергиясының көрсеткіші болып табылады. ҚДБ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесіп 2015 жылдың басынан бері табысты тандемде жұмыс істеуде, бүгінгі күні ҚДБ мен KazakhExport-тың бірлескен қатысуымен жалпы сомасы 77,7 млрд теңгеге 14 экспорттаушыға қолдау көрсетілді.
«Қазақстан тым көп шикізат, соның ішінде ауыл шаруашылығы шикізатын сатады. Қытайға тек мұнай мен металдар ғана емес, майлы дақылдар, мақта да экспортталады, Өзбекстанға бидай кетеді. Біз оны осындай жобаларды қолдау арқылы түзетуге ниеттіміз. Қазіргі заманғы ірі қуатты май зауыттары салық және жұмыс орындарын құру түрінде өте жақсы әлеуметтік-экономикалық мультипликативті әсер береді. Майлы дақылдарды қайта өңдеу нәтижесінде нарық тек майды ғана емес, сонымен қатар құс фабрикаларына, бордақылау және шошқа фермаларына, балық шаруашылықтарына берілетін күнжара және шрот алады. Пандемия мен проблемаларға қарамастан, кәсіпкерлер инвестициялық жобаларды қысқартпайды және болашаққа сеніммен қарайды», - деп атап өтті «KazakhExport» ЭСК» АҚ сақтандыру департаментінің директоры Қуаныш Мұқажанов.