Қазақстан Тәжікстанмен өнеркәсіптік кооперацияны бірлесіп дамытуға мүдделі | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Қазақстан Тәжікстанмен өнеркәсіптік кооперацияны бірлесіп дамытуға мүдделі

Душанбеде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

18 наурызда Душанбе қаласында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 16-шы отырысы аясында «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Тәжік Алюминий Компаниясы» ААҚ («ТАЛКО» ААҚ) және Еуразиялық Даму Банкі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат шеңберінде өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып, Қазақстаннан Тәжікстанға қыздырылған мұнай коксы, мертель және электротермиялық феррофосфор экспортының көлемін ұлғайту жоспарлануда.  

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың мамыр айында Душанбе қаласында Тәжікстандағы «KazakhExport» ЭСК» АҚ шетелдік өкілінің кеңсесі ашылды. Оның мақсаты бизнес-қоғамдастықпен байланыс орнату, кәсіпкерлер мен қаржы құрылымдарын компанияның құралдары туралы хабардар ету, экспорттаушыларға екі елдің тауар айналымын ұлғайту үшін түрлі кедергілерді еңсеруге көмектесу болды.

Ең ірі жобалардың қатарында - «Сомон Эйр» ЖШС үшін «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-нің Н125 Airbus Helicopters маркалы тікұшағының экспортын қаржыландыруды ұйымдастыру. Аталған жоба шеңберінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ы компанияға «Ориёнбанк» ААҚ ірі серіктес банкімен бірлесіп экспорттық сауданы қаржыландыруын ұсынды. Аталған мәміле бойынша қабылданған міндеттемелер сомасы 870 млн теңгеден асты.

Бұдан басқа, Рогун су электр станциясының құрылысы үшін металл прокатын, Қазақстанда құрастырылған автобустар мен автомобильдерді Тәжікстанға жеткізу бойынша ірі жобалар іске асырылды.  

Жалпы алғанда, 2017 жылдан бастап «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының Тәжікстанға экспорттық келісімшарттарын қолдау бойынша қабылдаған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 7,3 млрд теңгені құрады.

Қолдау тапқан кәсіпорындардың ішінде қазақстандық май өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, лак-бояу материалдарын, автомобильдерді, арматура прокатын, мұнай коксын, минералды тыңайтқыштарды, отқа төзімді өнімдерді экспорттаушылар бар.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Еуразиялық Даму Банкіне қазақстандық өндірушілерден өнім сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыру үшін «ТАЛКО» ААҚ қарызы бойынша $15 млн дейін сомаға сақтандыру өтемін беруге дайын. 

«Тәжік алюминий компаниясы» ашық акционерлік қоғамы - Тәжік алюминий зауытының (ТәжАЗ) мұрагері, ол жоғары сапалы алюминийдің әлемдегі ірі өндірушілерінің қатарына кіреді. Компанияның миссиясы - Тәжікстандағы экономикалық дамуға, әл-ауқатқа және әлеуметтік тұрақтылыққа жәрдемдесу, өндірістік әлеуетті арттыру, Тәжікстанның алюминий саласын тиімді дамыту, әлемдік экономикамен бірігу.