«KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталы 5 млрд теңгеге ұлғайтылды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталы 5 млрд теңгеге ұлғайтылды

Бүгінгі таңда компанияның жарғылық капиталы 105,1 млрд теңгені құрайды. Жарғылық капиталды ұлғайту «KazakhExport» ЭСК» АҚ қабылданған сақтандыру міндеттемелері шеңберінде тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Компания ағымдағы жылы өңдеуші сектордың қазақстандық экспорттаушыларын сақтандыру қолдау көлемін 200 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың ақпан айында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасы «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның 100 дана жай акцияларын бір жай акцияға 50 млн теңге орналастыру бағасымен жалпы сомасы 5 млрд теңгеге сатып алудың артықшылық құқығын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Бұл қаражат «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VІ ҚРЗ Заңында қазақстандық шикізаттық емес тауарларды өндірушілерді және сыртқы нарықтарға қызмет ұсынушыларды қолдау және экспортты қолдаудың тиімді қаржылық шараларын ұсыну есебінен олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін көзделген.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.