«KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның жай акциялары жалпы 5 млрд теңге сомаға орналастырылады | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның жай акциялары жалпы 5 млрд теңге сомаға орналастырылады

Қазақстандық экспорттаушыларды сақтандыру арқылы қолдау көлемі 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасы «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның жалпы сомасы 5 млрд теңге, орналастыру бағасы бойынша бір жай акциясы 50 млн теңге болатын 100 дана жай акциясын сатып алу құқығын іске асыру туралы шешім қабылдады.

Бұл қаражат шикізатқы жатпайтын қазақстандық тауарларды өндірушілерді және сыртқы нарықтардағы қызметтерді жеткізушілерді қолдау және экспортты қолдаудың тиімді қаржылық шараларын ұсыну есебінен олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VІ ҚРЗ Заңында көзделген.

2021 жылы Қоғамның жарғылық капиталын 5 млрд теңгеге ұлғайту қабылданған сақтандыру міндеттемелері шеңберінде тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталы 100,1 млрд теңгені, меншікті капиталы - 109,6 млрд теңгені құрайды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «KazakhExport» ЭСК» АҚ 134,6 млрд теңге сомаға 115 отандық кәсіпорынға қолдау көрсетті. Ағымдағы жылы «KazakhExport» ЭСК» АҚ құралдары арқылы өңдеуші сектордың қазақстандық экспорттаушыларын сақтандыру арқылы қолдау көлемін 200 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізатқа жатпайтын тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізатқа жатпайтын тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

 «KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметі