«KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесі компанияның жарғылық капиталын 5 млрд теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдады | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесі компанияның жарғылық капиталын 5 млрд теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста бірқатар жұмыс мәселелері, оның ішінде жарияланған акциялар саны шегінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның 100 жай акциясын орналастыру, оларды орналастыру тәсілі мен бағасы туралы мәселелер қаралды.

Директорлар кеңесі:

Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегінде 100 жай акцияны орналастыруға шешім қабылдады, онда орналастыру (сату) бағасы бір жай акция үшін 50 млн теңге, барлығы 5 млрд теңге сомада акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын Қоғамның Жалғыз акционері - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бере отырып іске асырылады.

2021 жылы Қоғамның жарғылық капиталын 5 млрд теңгеге ұлғайту қабылданған сақтандыру міндеттемелері үшін тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға көзделген қаражат «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы № 379-VІ ҚРЗ Заңында ескерілген.

Бүгінгі таңда «KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталы 100,1 млрд теңгені, меншікті капиталы 109,6 млрд теңгені құрайды.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов болып табылады.