KazakhExport қызметкерлері жоғары наградалармен марапатталды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport қызметкерлері жоғары наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «KazakhExport» ЭСК» АҚ қызметкерлерінің еңбегі жоғары деңгейде атап өтілді.

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен KazakhExport сақтандыру департаменті директорының орынбасары Мейрамбек Жанғалиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Мейрамбектің еңбегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мейрамбек Жанғалиев жетекшілік ететін Департаменттің өңірлік менеджерлер блогы өңдеуші сектордың қолдау көрсетілген кәсіпорындарының санын арттыру, қазақстандық экспорттаушыларды қолдау көлемін кеңейту және экспорт көлемін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың   алғыс хатымен саланың кәсіби жетістіктері мен дамуына қосқан үлесі үшін Бухгалтерлік есеп және әкімшілендіру департаментінің директоры Жұлдыз Сартқожинова марапатталды.

Жұлдыз Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік актілеріне сәйкес бухгалтерлік және салықтық есепке алу бойынша ішкі ережелерді жаңартып, сақтандыру саласындағы көпжылдық тәжірибесін пайдалана отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларын жабу процесін оңтайландырды.

Басшы ретінде Жұлдыз Сартқожинова қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, процестерді, әдістер мен саясатты үнемі жетілдіруге ұжымға шабыт береді.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!