«KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның сақтандыруды өтеуі ЕДБ қарыздары бойынша жоғары өтімділікпен қамтамасыз етуге теңестірілген | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның сақтандыруды өтеуі ЕДБ қарыздары бойынша жоғары өтімділікпен қамтамасыз етуге теңестірілген

«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі» РММ басқармасының 2020 жылғы 30 қазандағы № 106 «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» қаулысымен «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына, сондай-ақ «Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар  ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемінде сөзсіз және қайтарып алынбайтын міндеттемелерді  орындау туралы тармақтарымен қамтылған сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етуі бар екінші деңгейдегі банктер үшін бір қарыз алушыға келетін тәуекел есебіне қарыз алушылардың міндеттемелері енгізілмейді.

Сонымен қоса,  экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар  ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемінде сөзсіз және қайтарып алынбайтын міндеттемелерді  орындау туралы тармақтарымен қамтылған сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етуі бар банктегі сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50% - ын жабатын қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құны шегеріле отырып, тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебіне енгізіледі.

Өз кезегінде, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар  ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемінде сөзсіз және қайтарып алынбайтын міндеттемелерді  орындау туралы тармақтарымен қамтылған сақтандыру шарты түріндегі  қамтамасыз етудің түзетілген құны сақтандыру шарты сомасының 95% пайызына теңестіріледі.

Басқаша айтқанда, банктердің «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның сақтандыру өтемімен берген қарыздары K3 пруденциалдық нормативінің есебіне (бір қарыз алушыға тәуекел) енгізілмейді, ал банктердің активтерін кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу кезінде осындай қамтамасыз етілген қарыздар бес пайыздық тәуекелдің  дәрежесінде бағаланады, яғни іс жүзінде тәуекелсіз деп танылады.

 

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету бойынша ведомстволық бағынысты ұйым. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуіне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.