Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Қырғызстанның ірі қаржы институттарымен стратегиялық құжаттарға қол қойды | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Қырғызстанның ірі қаржы институттарымен стратегиялық құжаттарға қол қойды

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Сергей Куклиннің Бішкек қаласына сапары барысында Қырғызстанның жүйе құраушы ірі қаржы институттарымен бірқатар келісімдерге қол қойылды. Екіжақты құжаттар ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның шикізат емес экспортының өсуін ынталандыруға бағытталған.

Сауда-экономикалық миссия барысында Қырғызстанның жетекші қаржы институттары - «О! БАНК» ААҚ және «Мемлекеттік сақтандыру ұйымы» ААҚ-пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Келісімдер Қазақстаннан Қырғызстанға тауарлар және қызметтер экспорттаумен байланысты мәмілелерді сақтандыру, қайта сақтандыру және саудалық қаржыландыру саласында ынтымақтасуды көздейді.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Сергей Куклин құжаттың сақтандыруды қолдау жүйесін жетілдіру және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

«Қырғызстанның қаржы институттарымен қол жеткізілген уағдаластықтар қазақстандық экспорттаушылар үшін жергілікті нарыққа жол ашады. Біз Қырғызстанның серіктестерімен бірлесіп ұсынатын қолдау шаралары қазақстандық экспорттаушылармен ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасайды және жаңа нарыққа шығу тәуекелдерін барынша азайтады», - деді С. Куклин.

Естеріңізге сала кетелік, Бішкек қаласында Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің Қырғызстандағы шетелдік өкілдігінің кеңсесі жұмыс істейді. Кеңсе Қазақстанның экспорттаушыларымен тікелей жұмыс істеуге, ЭКА қолдау құралдарын пайдалана отырып, тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

chat Кеңес ал!