«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ мен «Микрокредитбанк» АКБ ортақ келісімге келді | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ мен «Микрокредитбанк» АКБ ортақ келісімге келді

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Самарқандта өткен «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына қатысты. Іс-шарада мемлекеттік құрылымдар, ірі бизнес топ өкілдері, оның ішінде экспортқа шығу мүмкіндігі жоғары салалар бойынша тауар өндірушілер (мұнай химиясы, металлургия, машина жасау, тамақ, химия, фармацевтика өнеркәсібі) өңіраралық ынтымақтастық, өзара сауданы дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады.

Форум аясында құны 352 миллионнан асатын 76 құжатқа қол қойылды. Оның қатарында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен «Микрокредитбанк» АКБ арасындағы өңдеу өнеркәсібінің отандық экспорттаушыларын қолдауға, сұранысты ынталандыруға және экспортты дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісім бар.

«Микрокредитбанк» АКБ — клиент базасы кең Өзбекстандағы ең ірі тұрақты банктердің бірі. Бүгін қол қойылған келісімдер қазақстандық экспорттаушыларға қауіпсіз жағдайда шетел нарығына шығуға мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастықтың арқасында шетелдік сатып алушылар қазақстандық өнімді тиімді шартпен несиеге алу мүмкіндігіне ие болады, ал экспорттаушылар тауар жөнелтілімінен кейін төлемді уақытылы ала алады»,— деді Өзбекстандағы «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ өңірлік директоры Әлішер Хакимов.

Келісім аккредитивтерді сақтандыру мен сауданы қаржыландыру құралдары арқылы қазақстандық өнімді импорттаушыларға Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің қолдауымен «Микрокредитбанк» АКБ арқылы экспорттық келісімшарттарды жүзеге асыруды көздейді.

Айта кетейік, кейінгі тоғыз айда Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Өзбекстандағы экспорттық операцияларды сақтандыру бойынша қабылдаған міндеттемелер көлемі 66 миллиард теңге болды.  Атап айтқанда, кондитерлік өнімдер, ірі қара мал еті, шыны бөтелкелер, құрылыс материалдары, ұн, болат дайындамалар, жүгері крахмалы және тағы да басқа өнімдердің экспорты бойынша қолдау көрсетілді.

 

chat Кеңес ал!