KazakhExport Ислам даму банкінің нұсқасы бойынша жылдың үздік экспорт-кредит агенттігі деп танылды | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

KazakhExport Ислам даму банкінің нұсқасы бойынша жылдың үздік экспорт-кредит агенттігі деп танылды

KazakhExport экспорт кредиттерін сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясы (ICIEC) – Ислам даму банкімен көп жылғы табысты ынтымақтастығы үшін «Жылдың экспорт-кредит агенттігі» сыйлығын алды.

Бұл марапат елдің экспорт әлеуетін дамыту, сауданы қаржыландыру мен инвестицияларды сақтандыру саласындағы жетістіктер үшін беріледі.

Бүгінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандырған барлық экспорт аккредитивтері облигациялық негізде ICIEC қайта сақтандыруынан өтеді. Қазіргі уақытта аталған шарт алыс және жақын шетелдерден 20-ға жуық эмитент-банктерді қамтиды. Аккредитивтерден басқа, ICIEC Әзірбайжанға отандық локомотивтердің лизингтік жеткізілімдері бойынша KazakhExport сақтандыруын қолдап, тәуекелдің үштен екісінен астамын өз мойнына алды. 

Өткен кездесу барысында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі және ICIEC қазақстандық экспортты дамытуға берілетін қарыздарды қайта сақтандыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

ICIEC басшысы Уссама Каисси өмір сүру деңгейін арттырудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және бүкіл өңірдің тұрақты дамуының негізгі факторы ретінде қазақстандық экспортты одан әрі дамытудың маңызын атап өтті.