KazakhExport Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі болып анықталды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі болып анықталды

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 261 қаулысына сәйкес «KazakhExport» ЭСК» АҚ экспорттық-кредиттік агенттік  (ЭКА) ретінде айқындалды және атауы «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ болып өзгертілді.

Жаңадан құрылған ЭКА шикізат емес экспортты дамыту және ілгерілету бойынша ұлттық институт ретінде жұмыс істейтін болады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы – KazakhExport ЭКА мәртебесіне қол жеткізе отырып, өзінің қазіргі қолдау жобалары – сақтандыру және қайта сақтандыру, экспорт алдындағы және экспорт саудасын қаржыландыру шаралары бойынша мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар, экспорт операцияларына кепілдік беру және сауданы қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау сияқты жаңа қолдау құралдары пайда болады. Мұның нәтижесінде шикізат емес экспорт бизнесінің нарықтағы үлесі артады. 

Атап айтқанда, экспорт операцияларына кепілдік беру арқылы қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық тендерлерге қатысуға және қазақстандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің/жұмыстардың экспорт мүмкіндігі жоғары нарықта болуын қамтамасыз етеді.

Одан бөлек, бұл құрал экспорт мәмілелері бойынша төлем міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде ЭКА кепілдігін беру есебінен аванс төлемдерді алу кезінде импорттаушылардың қаражатын тартуды ынталандыратын болады. Бұл экспорттаушыға агенттік кепілдігін банкке жүгінбей-ақ алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда кепіл табу мәселесі қарастырылмайды.

Сауда-саттықты қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде отандық жоғары технологиялық тауарлар/көрсетілетін қызметтер өндіретін компания қолдау табу үшін агенттікке жүгіне алады. Сонымен қатар, қазақстандық қаржы институттарының  шетелдік импорттаушыларды қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануына болады.

Мұның арқасында отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы саудасы едәуір артады. Яғни, қазақстандық экспорт бизнесі жаңа белеске шығады. Бұл қазақстандық қаржы институттарына эмитент-банктердің міндеттемелерін орындамау қаупін сақтандыру, өнім желісі мен клиент базасын кеңейту мүмкіндігін береді.

Еске салайық, экспорттық-кредиттік агенттік және шикізат емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп отыр.