Сенат Экспорт-кредит агенттігі және экспортты дамыту туралы заңды мақұлдады | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

Сенат Экспорт-кредит агенттігі және экспортты дамыту туралы заңды мақұлдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорт-кредит агенттігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және шикізат емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын дамыту туралы» ҚР Заңын бірауыздан мақұлдады.

Заң Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленді. Жоба «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы «KazakhExport» ЭСК» АҚ базасында экспорт-кредит агенттіктің (ЭКА) арнайы құқықтық мәртебесін қалыптастыруды, сондай-ақ шикізат емес экспортты қолдау мен дамытудың негізгі шараларын біріктіруді көздейді.

ЭКА шикізат емес экспортты дамыту және күшейту жөніндегі ұлттық институт ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл бизнестің экспорт мүмкіндігін кеңейтуді және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, KazakhExport ЭКА мәртебесін алғаннан кейін экспорттаушыларға көрсететін қызмет түрлерін едәуір арттырады. Атап айтқанда, сақтандыру және қайта сақтандыру, экспорт алдындағы және экспорттық сауда-саттықты қаржыландыру, сондай-ақ жаңа-экспорт операцияларына кепілдік беру, сауда-саттықты қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау есебінен шикізат емес экспортты қолдау шараларын кеңейтуді мақсат етеді.

Еске салайық, бүгінде KazakhExport экспорт-кредит агенттігінің функцияларын жүзеге асырады. Компания – шикізат емес экспортты дамыту жөніндегі бірыңғай оператор. KazakhExport Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы негізінде жұмыс істейді.

Анықтама:

Еске салайық, экспорт операцияларына кепілдік беру арқылы қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық тендерлерге қатысуға және қазақстандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің/жұмыстардың экспорт мүмкіндігі жоғары нарықта болуын қамтамасыз етеді.

Сауда-саттықты қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде отандық жоғары технологиялық тауарлар/көрсетілетін қызметтер өндіретін компания қолдау табу үшін KazakhExport-қа жүгіне алады. Сонымен қатар, қазақстандық қаржы институттарының  шетелдік импорттаушыларды қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануына болады.

Мұның арқасында отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы саудасы едәуір артады. Яғни, қазақстандық экспорт бизнесі жаңа белеске шығады.

Бұл қазақстандық қаржы институттарына эмитент-банктердің міндеттемелерін орындамау қаупін сақтандыру, өнім желісі мен клиент базасын кеңейту мүмкіндігін береді.