ЕАЭО ЭКА басшылары KazakhExport алаңында кездесті | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

ЕАЭО ЭКА басшылары KazakhExport алаңында кездесті

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің басшылары KazakhExport алаңында кездесті.

Іс-шараға KazakhExport басқарма төрағасы Аслан Калигазин, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және KazakhExport Директорлар кеңесінің төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «Белэксимгарант» (Беларусь) бас директоры Геннадий Мицкевич, «ЭКСАР» АҚ (Ресей) Бас директоры Никита Гусаков, «Арменияның экспорттық сақтандыру агенттігі» СЖАҚ директорының міндетін атқарушы Карен Иванов және компаниялардың басқа өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қол жеткізілген нәтижелер мен болашаққа арналған жоспарларды ұсынды, қайта сақтандырудағы өзара іс-қимыл мәселелерін, сауданы қаржыландыруды дамытудағы ЭКА рөлін, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру перспективаларын, андеррайтинг үшін ЭКА арасында ақпарат алмасу механизмдерін және өңдеуші өнеркәсіп экспортын қолдаудың басқа да мәселелерін талқылады.

KazakhExport өкілдері қатысушылармен экспорттаушыларды қолдау механизмдерімен, сондай-ақ қолдау құралдарын, оның ішінде сауданы қаржыландыруды және аккредитивтерді сақтандыруды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар өз кезегінде іс-шараның ЭКА арасындағы одан арғы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл, сақтандыруды қолдау жүйесін жетілдіру және елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында тараптар компания басшылары мен сарапшылары деңгейінде кезекті жұмыс кездесуі шеңберінде тәжірибе алмасу туралы уағдаласты.

KazakhExport шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор ретінде ірі шетелдік экспорттық-кредиттік агенттіктермен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып жатқанын атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттік болып қайта құрылуға дайындалып жатыр. Тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауында. Заң жобасына сәйкес, экспорттық-кредиттік агенттік шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор мәртебесіне ие болады. Бұл шара отандық кәсіпорындарды қолдау бойынша экспорттық операциялардан бастап, өткізу нарықтары, елдердің тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктері мәселелері бойынша сервистік қолдауға дейінгі функционалдылықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

2016 жылдан бастап KazakhExport 870 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам экспорттаушыға қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Қолдау көрсетілген кәсіпорындар экономиканың тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия және басқа да маңызды салаларында жұмыс істейді. Экспорттық бағыттар тізімінде Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Түрікменстан, Әзірбайжан, Литва, Украина, Беларусь, Италия және Түркия және көптеген басқа елдер бар.

 

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.