KazakhExport-тың ICIEC-ке берген тәуекелдерінің көлемі 7,8 млрд теңгені құрады | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport-тың ICIEC-ке берген тәуекелдерінің көлемі 7,8 млрд теңгені құрады

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы Ислам даму банкінің тобына кіретін Инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясымен (ICIEC) ынтымақтастықты нығайтады. Бұл туралы KazakhExport Басқарма төрағасы Аслан Калигазин Сауд Арабиясының Джидда қаласында KazakhExport пен ICIEC арасындағы факультативтік қайта сақтандыру шартына қол қою рәсімі барысында хабарлады.

Қол қойылған құжат шеңберінде ICIEC-те Әзірбайжан Республикасының аумағында қаржы лизингі шарттары бойынша міндеттемелерді орындамау/ тиісінше орындамау тәуекелі қайта сақтандырылды. Берілген тәуекелдердің үлесі 70% немесе шамамен 1,9 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта KazakhExport пен ICIEC арасында дисконттаумен құжаттамалық аккредитивтер бойынша облигациялық қайта сақтандыру шарты қолданылатынын атап өтеміз. Шарт бойынша берілген міндеттемелер сомасы 4,2 млрд теңгеден асады. Шарт Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияның 21 банкінің тәуекелдерін жабады.

Бұдан басқа, Тәжікстанның «Амонатбанк» мемлекеттік жинақ банкімен ынтымақтастық шеңберінде ICIEC-те 1,6 млрд теңгеден астам сомаға факультативтік қайта сақтандырудың екі шарты бойынша тәуекелдер бөлінді.

«KazakhExport-тың ICIEC-ке берген тәуекелдерінің көлемі ағымдағы күнге 7,8 млрд теңгені құрайды. ICIEC-пен ынтымақтастықты нығайту бізге қаржылық тұрақтылықты арттыруға және компанияның шетелдегі мүмкіндіктерін кеңейтуге, портфельге жүктемені азайтуға және отандық экспорттаушыларға қолдау көрсету бойынша қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық экспорттаушылар мен банктерге сақтандыру арқылы қорғаудың жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді», - деді Аслан Калигазин.

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.

ICIEC 1994 жылы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту және тәуекелдерді азайту құралдары мен қаржылық шешімдерді ұсыну арқылы оның ішінде сауда мен инвестицияларды ілгерілету үшін құрылды.

Облигациялық қайта сақтандыру - беруші және қабылдаушы тараптарды облигациялық шарттың қамту шарттары мен шегіне сүйене отырып, ұсынылған портфельге сәйкес барлық тәуекелдерді қайта сақтандыру және қабылдау міндеттемесімен байланыстыратын келісім базасындағы қайта сақтандыру нысаны. Тәуекелдерді бүкіл сақтандыру портфелі бойынша жедел бөлуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда қайта сақтандырушы әрбір жаңа сақтандыру шарты жасалғаннан кейін осы тәуекелдердің бір бөлігін өзіне ала отырып, қайта сақтандырушыға өзінің андеррайтингін сапалы жүргізгеніне және барлық тәуекелдерді бағалағанына толық сенеді.

Факультативтік қайта сақтандыру - тәуекелді қайта сақтандыруға беру және қабылдау туралы шешімді сақтандырушы мен қайта сақтандырушы әрбір жеке жағдайда сақтандыруға жеке қабылданатын әрбір тәуекелге қатысты қабылдайтын қайта сақтандыру нысаны. Тікелей сақтандырушы қайта сақтандыру қажет болған жағдайда, қайта сақтандырушылардың қайсысына тәуекелді қайта сақтандыруға ұсынатынын өзі шешеді, ал қайта сақтандырушы тәуекелді бағалап және қолда бар ақпаратты талдай отырып, оларды өз қызметінің негізгі қағидаттарымен салыстырады және тәуекелдің бір бөлігін қабылдау не қабылдамау туралы, қайта сақтандырудың қандай сыйымдылығын және қандай шарттармен беру қажеттілігін шешеді (қайта сақтандыру түрі, қайта сақтандыру сыйлықақысы, ерекше шарттар).