«KazakhExport» АҚ Қазақстан экспорттаушыларының каталогын шығарды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» АҚ Қазақстан экспорттаушыларының каталогын шығарды

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниялары - «KazakhExport» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдау көрсеткен экспорттаушылар каталогының - Қазақстанның экспортқа бағдарланған кәсіпорындары туралы жыл сайынғы басылымның шығарылғаны туралы хабарлайды.

Каталогтың мақсаты отандық шикізаттық емес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді шетелдік нарықтарға ілгерілету болып табылады. Каталогта өңдеу секторының компаниялары – металлургия және химия өнеркәсібі, автокөлік құралдары, тамақ өнімдері, медициналық, тоқыма бұйымдары және басқалары ұсынылған. Басылым кәсіпорынның мамандануы, экспортталатын өнім/қызмет, экспорт географиясы және байланыс деректері туралы ақпаратты қамтиды.

Каталогты жүктеп алу үшін сілтемені басыңыз

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.