KazakhExport пен Узбекинвест қайта сақтандыру саласында ынтымақтасатын болады | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport пен Узбекинвест қайта сақтандыру саласында ынтымақтасатын болады

«Узбекинвест» экспорттық-импорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ұйымдастырған оқыту тренингіне қатысты. 

KazakhExport Басқарма төрағасының орынбасары Куаныш Мукажанов кездесуді аша отырып, Өзбекстан Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Өзбекстан Республикасы бойынша экспорттық келісімшарттар сомасы 399 млрд.теңгені құрады.

Үш күн ішінде өтетін тренинг аясында сауданы қаржыландыру, экспорттаушыларға арналған қарыздарды сақтандыру, тәуекелдер андеррайтингі, талап-арыз жұмысы, қызметтерді цифрландыру және басқа да бағыттар бойынша екі компания арасында тәжірибе алмасу жоспарлануда.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың маусым айында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «Узбекинвест» экспорттық-импорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасында қол қойылған қайта сақтандыру жөніндегі бас келісімінің түпнұсқасы салтанатты түрде тапсырылды. қайта сақтанушы ретінде, ал KazakhExport-қайта сақтандырушы ретінде. Құжат Өзбекинвест қайта сақтанушы ретінде, ал KazakhExport – қайта сақтандырушы ретінде әрекет ететін қазақстандық тауарлардың экспорттық сатылымын жүзеге асыруға байланысты, сақтандырудың бірегей шарты бойынша сақтандырылған тәуекелдерді пропорционалды түрде қайта сақтандыруды білдіреді.

Кездесу шеңберінде тараптар екі ел арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту мақсатында экспорттық операцияларды сақтандыру және қайта сақтандыру саласында неғұрлым тығыз екіжақты ынтымақтастықты жолға қоюға уағдаласты.