KazakhExport-тың Сақтандыру департаментінің директоры өңдеуші салалардың экспорттаушыларына қолдау көрсетудің қаржылық құралдары туралы айтып берді | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport-тың Сақтандыру департаментінің директоры өңдеуші салалардың экспорттаушыларына қолдау көрсетудің қаржылық құралдары туралы айтып берді

KazakhExport экспортты қолдаудың сақтандыру қаржылық шараларын ұсыну есебінен шикізаттық емес тауарлардың қазақстандық өндірушілерін және қызмет көрсетушілерді сыртқы нарықтарға ілгерілетуге ықпал етеді. Бұл туралы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Сақтандыру департаментінің директоры Алмагуль Маженова «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» өнеркәсіптік көрмесінің халықаралық сессиясы аясында айтып берді.

Маженова А. KazakhExport экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсететінін атап өтті. Осылайша, пәрменді құралдардың бірі экспорттаушы үшін шетелдік контрагенттің төлемеу тәуекелін төмендету болып табылады. Бұл механизмге төлемді кейінге қалдыруды сақтандыру, қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру және экспорттаушының сауда үйін сақтандыру кіреді. 

Бұдан басқа, Алмагуль Маженова KazakhExport экспорттаушылардың айналым қаражатының жетіспеушілігі проблемасын шешуге көмектесетінін хабарлады, шешімдердің бірі аванстық төлемді сақтандыру болып табылады, бұл ретте экспорттаушы тұрақты келісім шарт пен аванс түрінде қаржыландыру алады, ал импорттаушы қазақстандық өндірушіге аванс беру кезінде тәуекелдерді барынша азайтады.

Сессияға қатысушылар қазақстандық тауарларды екінші деңгейдегі қазақстандық банктер арқылы сатып алу үшін шетелдік компанияларға ұсынылатын саудалық қаржыландыруға және импорттаушының тікелей қаржыландыруына үлкен қызығушылық танытты.