KazakhExport ЕАЭО елдерінің экспорттық-кредиттік компаниялары өкілдерінің кездесуіне қатысты | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

KazakhExport ЕАЭО елдерінің экспорттық-кредиттік компаниялары өкілдерінің кездесуіне қатысты

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі экспортты қолдау мәселелері 2022 жылғы 15-16 қыркүйекте Ереванда өткен ЕАЭО елдерінің экспорттық-кредиттік компаниялары өкілдерінің кездесуінде талқыланды.

«KazakhExport», «ЭКСАР», «Белэксимгарант» және «Арменияның экспорттық сақтандыру агенттігінің» сарапшылары тариф белгілеу, тәуекелдер андеррайтингі, геосаяси өзгерістерге байланысты тәуекелдерді бағалау тәсілдемесіндегі өзгерістер сияқты тақырыптарды талқылады. Бұдан басқа, ЕАЭО елдерінің экспортын дамытуға бірлесіп жәрдемдесу, қолдаудың сақтандыру және қаржы құралдарын ұсыну мәселелері талқылау тақырыбына айналды.

KazakhExport өкілдері кездесу қатысушыларына компания жұмысының негізгі тәсілдемелері, сәтті іске асырылған кейстер, сақтандыру нарығындағы өзгерістер және т.б. туралы айтып берді.

Сондай-ақ, шикізаттық емес экспортты сақтандыру нарығын дамыту үшін өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.