KazakhExport пен Тәжікстанның МЖӘ жобаларын іске асыру орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport пен Тәжікстанның МЖӘ жобаларын іске асыру орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ынтымақтастық туралы меморандумға "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру орталығы" ММ-мен (Тәжікстан Республикасы) қол қойды.

Тараптар Тәжікстанда қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді пайдалана отырып, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру саласында стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Қол қою "Pamir Business and Investment Forum" халықаралық форумының алаңында өтті. Форум аясында "KazakhExport" басқарма төрағасы Аслан Калигазин Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылап, компанияға екі ел арасындағы сауда айналымын ынталандыру және дамыту мүмкіндіктерін ұсынды.