«KazakhExport» Тәжікстанның ірі қаржы институттарымен бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

«KazakhExport» Тәжікстанның ірі қаржы институттарымен бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды

KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы Аслан Калигазин Душанбе қаласына сапары барысында Тәжікстанның ірі жүйе құраушы банктерімен бірқатар келісімдерге қол қойылды. Екіжақты құжаттар ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамытуды ынталандыруға бағытталған.

Сапар шеңберінде Тәжікстанның «Амонатбанк» мемлекеттік банкімен және «Ориенбанк» ААҚ-пен (қазақстандық өндірушілердің шикізаттық емес өнімдерін сатып алатын  импорттаушыларды сақтандыру және саудалық қаржыландыру саласындағы жиынтық лимиттерді ұлғайту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл қазақстандық кәсіпкерлердің Тәжікстан нарығына қолжетімдігін кеңейтуге және экспорт кезіндегі тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Тәжікстан Республикасының «Амонатбанк» мемлекеттік жинақ банкімен ынтымақтастық шеңберінде жиынтық лимит 7 600 000 АҚШ долларынан 15 200 000 АҚШ долларына дейін, «Ориенбанк» ААҚ - 8 000 000 АҚШ долларынан 11 100 000 АҚШ долларына дейін сақтандыру арқылы қорғаудың ең ұзақ мерзімі 2 жылға дейін ұлғайтылды. Қазақстаннан тауар импорттайтын тәжік кәсіпкерлеріне жеңілдікті қаржыландыру бөлінетін болады

Сондай-ақ, келісімдерде тәжікстандық импорттаушылар мен қазақстандық экспорттаушылар арасындағы мәмілелер шеңберінде аккредитивтерді сақтандыру үшін: «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС құрылыс арматурасын жеткізуге, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС металл өнімдерін және JAC автомобильдерін жеткізу бойынша, «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС және «Ясриб» ЖШС тазартылмаған өсімдік майын жеткізу бойынша, сондай-ақ «Кентау трансформатор зауыты» АҚ трансформаторларға арналған толымдаушыларды жеткізуге жекелеген қосалқы лимиттер көзделген.

Бұдан басқа, «Саноатсодиротбанк» Тәжікстанның өнеркәсіптік-экспорттық банкі» мемлекеттік біртұтас кәсіпорнымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Компаниялар келісіммен саудалық қаржыландыру бағытын және банктің құжаттамалық операцияларын дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.

Хорог қаласына сапары барысында А. Калигазин «Pamir Invest 2022» халықаралық форумына қатысты, оның шеңберінде Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелері талқыланды, сондай-ақ компанияның елдер арасындағы сауда айналымының өсуін ынталандыру және дамыту бойынша мүмкіндіктері ұсынылды.

А. Калигазин Тәжікстан астанасына сапары нәтижесінде қол қойылған келісімдердің маңыздығын атап өтті.

«Тәжікстан банктерімен қол жеткізілген келісімдер жұмыс істеп жатқан және жаңа қазақстандық экспорттаушыларға жергілікті нарыққа шығуына жол ашады. Тәжікстанның серіктестерімен бірлесіп ұсынып отырған қолдау құралдарымыз қазақстандық экспорттаушылармен ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасайды және қазақстандық кәсіпкерлердің Тәжікстан нарығына шығу тәуекелдерін барынша азайтады», - деді А. Калигазин. 

Соңғы алты жылда Тәжікстанға экспорттау аясында KazakhExport-тың қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету көлемі 21 млрд теңгеден асқанын атап өтейік. 2022 жылдың 7 айында - 1,8 млрд. теңгеден асты. 2016 жылдан бері KazakhExport барлығы 603 млрд. теңгеге қазақстандық бизнеске қолдау көрсетті. Тәжікстан бағыты бойынша негізгі кейстердің бірі - отандық құрастырылған тікұшақтар мен автомобильдер, тамақ өнімдері мен металлургия саласының жеткізілімдерін қаржыландыру.

Естеріңізге сала кетейік, Душанбе қаласында 2019 жылдан бастап KazakhExport-тың Тәжікстандағы шетелдік өкілдігінің кеңсесі жұмыс істейді. Кеңсе импорттаушыларға KazakhExport қаржы құралдарын пайдалана отырып, өз тауар айналымын арттыра отырып, Қазақстанның экспорттаушыларымен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.