KazakhExport пен КСӨСТҚ қайта сақтандыру туралы келісімге қол қойды | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

KazakhExport пен КСӨСТҚ қайта сақтандыру туралы келісімге қол қойды

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы «Көлік саласын өзара сақтандыру тұтынушылық қоғамы» КЕҰ-мен («КСӨСТҚ») Ресейге қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экспорттық жеткізілімдерін қайта сақтандыру туралы келісімге қол қойды.

Қол қою KazakhExport-тың РФ-тағы шетелдік өкілінің жәрдемдесуімен өтті. Келісім қазақстандық тауарларды ресейлік сатып алушылардың экспорттық кредиттері мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектерін сақтандыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, құжат дәрменсіздік немесе банкроттық салдарынан жеткізілген тауарлар үшін төлем жасамауға, Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының экспроприациялау, тәркілеу, тауарға меншік құқығын шектеу жөніндегі іс-әрекеттеріне, мемлекеттік органдардың тауарды жеткізуге тыйым салатын, төлемді аударуды шектейтін немесе оған тыйым салатын іс-әрекеттеріне байланысты қазақстандық экспорттаушылардың тәуекелдерін қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, Екатеринбург қаласында (РФ) KazakhExport-тың шетелдік өкілінің кеңсесі жұмыс істейді. Кеңсені Александр Цыганков басқарады. Кеңсе өз қызметінің шеңберінде кәсіпкерлердің тікелей байланыстарын орнатуға, қазақстандық кәсіпорындар мен РФ-тағы әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын дамытуға, сондай-ақ екі жақты мәмілелердің тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал етеді.