Сыртқы нарықтарда қазақстандық қызметтер мен тауарларға сұраныс артып келеді – А. Калигазин | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Сыртқы нарықтарда қазақстандық қызметтер мен тауарларға сұраныс артып келеді – А. Калигазин

2016 жылдан бастап KazakhExport желісі бойынша қазақстандық шикізаттық емес экспортты қаржылық және сақтандыру қолдау көлемі 1,39 миллиард АҚШ доллардан астам құрады, бұл ретте қолдаудың 30% - ы Ресей Федерациясына экспортқа тиесілі. Көрсетілген кезеңде барлығы 182 қазақстандық экспортқа бағдарланған кәсіпорын қолдау алды. Бұл туралы «Иннопром-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ұйымдастырылған «Ресей-Қазақстан өнеркәсіптік диалогы» іскерлік форумында сөйлеген сөзінде «KazakhExport «ЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы Аслан Калигазин хабарлады.

Оның айтуынша, аймақтағы қазіргі жағдай Ресей нарығында қолданылатын ең танымал қолдау құралдарына назар аударды.

«Қазіргі жағдайда біз қазақстандық өнімге деген сұраныстың өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Осындай мәмілелер бойынша біз қолдау құралдарының барлық тізбесін қолдануға дайынбыз. Бүгінгі таңда аванстық төлемді сақтандыру, төлемді кейінге қалдыруды сақтандыру сияқты құралдар, оның ішінде Ресейдегі қазақстандық экспорттаушының сауда үйі үшін тауарларды РФ - да соңғы сатып алушыға сату кезінде танымалдылыққа ие болуда», - деді А.Калигазин. 

Естеріңізге сала кетсек, «Иннопром-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі - Ресейдің басты индустриялық, сауда және экспорттық алаңы. Іс-шара Екатеринбург қаласында 2022 жылғы 4-7 шілде аралығында өтеді. Көрмеге әлемнің 30 елінен келген делегаттар қатысуда. Қазақстан ИННОПРОМ-2022 әріптес елі болып табылады.

Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Куантиров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев, «KazakhExport» АҚ Ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының Басқарма Төрағасы, жергілікті әкімдіктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.