Бішкекте Қазақстандық экспорттық жеткізілімдерді қайта сақтандыру туралы келісімге қол қойылды | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

Бішкекте Қазақстандық экспорттық жеткізілімдерді қайта сақтандыру туралы келісімге қол қойылды

KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен "НСК" ЖАҚ қырғыз сақтандыру компаниясы Қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экспорттық жеткізілімдерін қайта сақтандыру туралы келісімге қол қойды. Келісімге қол қою "QazTrade" АҚ пен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бірлесіп ұйымдастырған, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Сауда-экономикалық миссиясының алаңында өтті.

Қол қою KazakhExport-тың Қырғыз Республикасындағы шетелдік өкілі Алымбек Орозбековтың қолдауымен өтті. Келісім "НСК" ЖАҚ-қа қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер экспорты шеңберінде барлық тәуекелдерді одан әрі KazakhExport-қа қайта сақтандыруға бере отырып, Қырғыз Республикасында мәмілелерді тікелей сақтандыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, KazakhExport-тың Қырғыз Республикасындағы шетелдік өкілінің кеңсесі 2019 жылы Бішкек қаласында ашылды. Кеңсені Алымбек Орозбеков басқарады. Өз қызметі аясында А. Орозбеков кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатуға, қазақстандық кәсіпорындар мен Қырғыз Республикасындағы әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыруға, сондай-ақ екі жақты мәмілелердің тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.