Kazakhexport пен ICBC Almaty ынтымақтастықты кеңейтуде | Баспасөз релизі | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Баспасөз релизі

Kazakhexport пен ICBC Almaty ынтымақтастықты кеңейтуде

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіптік банкі (ICBC Almaty) онлайн режимінде шикізаттық емес сегменттің қазақстандық өнімдерін экспорттаушылар және импорттаушылармен кездесті.

Іс-шара KazakhExport-тың Қытай Халық Республикасындағы шетелдік өкілі Сергей Салмановтың қолдауымен Гонконгтың Сауданы дамыту жөніндегі кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бейне арқылы кездесуге дайын өнімді экспорттаушы өндірушілер, қызметтерді экспорттайтын сервистік компаниялар, өнім үшін төлем жасау проблемасына тап болған экспорттаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ қытай юанінде есеп айырысу операцияларын жүргізуді жоспарлап отырған компаниялар қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар ағымдағы өзара іс-қимылды, нарықтың өзекті мәселелерін талқылап, өз кейстерімен бөлісті. KazakhExport Сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Маженова қатысушыларға импорттық-экспорттық операциялар кезінде тәуекелдерді азайтуға бағытталған KazakhExport-тың қаржылық-сақтандыру құралдарын ұсынды. Өз кезегінде, ICBC Almaty Корпоративтік қаржы департаменті директорының орынбасары Бахтияр Исаев банктің құралдары туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша ICBC және KazakhExport жеңілдікті қаржыландыру бойынша, оның ішінде қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді аккредитивтік төлем нысаны бойынша сатып алатын ресейлік импорттаушылар үшін ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Импорттық аккредитивтер шығарылымын ICBC Moscow жүзеге асыратынын атап өтеміз, бұл қазақстандық өндірушіге тиеп-жөнелткеннен кейін бірден төлем алуға, ресейлік импорттаушыға - қазақстандық өнім беруші тиеп-жөнелткен өнім үшін төлем бойынша кейінге қалдыруға және RUB-тағы қаржыландыру мөлшерлемесінің нарықтағыдан төмен болуына кепілдік береді. 

Кездесу соңында ICBC Almaty Басқарма төрағасы Лан Вэйцзе қатысушыларға кездесу үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың нығая түсетініне сенім білдірді.

 

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. Негізгі міндеті – шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету және қазақстандық экспорттаушыларға қаржы-сақтандыру құралдары арқылы қолдау көрсету.

«Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ (бұдан әрі - ICBC Almaty) 1993 жылғы наурызда құрылды. ICBC Almaty қатарынан 29 жыл ішінде мықты өтімді позицияға, капиталдың жоғары сыйымдылығына, жаһандық желіге және технологиялық артықшылықтарға ие Қазақстан Республикасындағы ең сенімді және орнықты қаржы институттарының бірі ретінде бағаланды.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Ақпарат және коммуникациялар департаменті

Айгуль Касенова Тел: +7 (7172) 95-56-56 ішкі 146

https://kazakhexport.kz/

a.kassenova@kazakhexport.kz