«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру | Хабарландырулар | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Хабарландырулар

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Үлгі ереже) 24-тармағына сәйкес «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

I. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 12 адамды құрайтын болады, оның ішінде 3 адам «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдері болады.

Осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар) келесі құжаттарды: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А ғимараты мекенжайы, телефон нөмірі: 95-56-56, +7701 555 4408 бойынша қолма-қол беруге не info@kazakhexport.kz  электрондық мекенжайына жолдауға құқылы. 

  1. азаматтың, коммерциялық емес ұйымның осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидатурасын ұсыну туралы өтініші;
  2. кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі, жеке куәлік, коммерциялық емес ұйымға қатысушылардың өкілдің лауазымын растау жөніндегі шешімі/хаттамасы.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесіне мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады;
  2. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы;

2) заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот кінәлі деп танылмауы;

3) психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары), оның ішінде психикалық белсенді заттарды пайдалануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.

Жүктеуге арналған құжаттар