Шағын Мекеннің Ауқымды Үлесі | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шағын Мекеннің Ауқымды Үлесі

Елордадан 200 км қашықтықта халық саны 17 мыңнан астам адамды құрайтын Макинск қаласы бар. Осындай шағын шаһарда бірқатар елдерді жоғары сапалы бұйымдарымен қамтамасыз етіп отырған ауыл шаруашылығы, машина жасау және құрылыс материалдары зауыттары орналасқанын біреу білсе, біреу біле бермейді.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ жа­зуынша, қалада 10-нан астам ірі және 20-дан астам кішігірім кәсіпорындар жұмыс істейді. Солардың бірі – MakWool сауда маркасымен базальт негізінде жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт. Тарихы әріде жатқан өндіріс ошағы Кеңес одағы кезінде тракторлар, жүк және жеңіл автомобильдер үшін піспекті сақиналар шығарумен айналысқан. Одақтың ыдырауымен оның өнімі де, білікті мамандары да сұраныстан шеттеп қалды. Сөйтіп, 2000 жылдардың басында көптеген цехтардың корпустары және кейбір инфрақұрылымдар ғана сақталған.

2010 жылы Макинск қаласына базальттан жасалған минерал-мақта жылуұстағыштарды өндіру бойынша замануи кәсіпорын құру үшін инвесторлар келе бастады. 2017 жылы Gamma Meccanica S.p.A. италиялық жабдығы бар Макинск зауыты алғаш өз өнімін шығарды, бірақ кейінірек айналым капиталын қаржыландыруда мәселелер туындады. Ал 2019 жылдың ортасында зауыт жаңғыртылып, қайта жабдықталып, базальт түрі негізінде жылу оқшаулағыш материалдарды дайындау өндірісі қалпына келтірілді. Бұл материалды қолданбайтын сала кемде-кем. Әсіресе ол газ-бетонды блок­тар құрылысында, сондай-ақ минерал-мақта тақтайшасына қажетті сэндвич-панельдерді дайындау үшін де қолданылады.

Осылайша, MakWool үшінші жыл қатарынан тәулік бойы жұмыс істеп келеді және өндіріс бірнеше ауысыммен жүруде. Жылуұстағышқа айналған тастарды қазақтандық және шетелдік құрылыс компаниялары тұрақты сатып алуда. Өндірісті қалпына келтіруге «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес кәсіпорындары көмектесті. Кейінірек отандық экспорттаушыларды қаржылық тұрғыда сақтандыруды қолдауға бағытталған «KazakhExport» ЭСК» АҚ экспорттық сақтандыруды қамтамасыз ете отырып, шетел на­рығына шығуға көмектесті. Базальт түрі негізінде минерал-мақта жылуұстағыштар өз еліміздің, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан құрылысшыларының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Жоспарда – экспортты Украинаға, Польшаға және Болгарияға дейін ұлғайту көзделген.

Қазіргі таңда MakWool жылына 30 мың тонна өнімді шығара отырып, 90 пайыз жобалық қуатпен жұмыс істеуде. Ақмола облысының Бұланды ауданының тұрғын­дары үшін Макинск өнеркәсіп қаласында осындай зауыттың пайда болуының әлеуметтік-экономикалық маңызды зор. Енді тәжірибелі мамандар қайтадан өндіріс тізгінін қолға алып, жастар жағы зауытта жұмыс жасау үшін жаңа техникалық мамандықтарды оқып, игере бастады. Қазір зауытта шамамен 200 адам еңбек етуде, өндірістік қызметкерлердің 150-і – Макинск қаласынан.

Өндірісті қаладағы бірегей зауыт – ескі базаның қайта жанданып, сауатты менеджментке айна­луы­ның, сондай-ақ мемлекеттік қолдау құралдарының дұрыс бағытта қолданылып, сұранысты және әлеуетті сату нарықтарының тиімді бағалануының жарқын мысалдарының бірі. Мұндай үлгі­лер елімізде жеткілікті. Ал қазақ­стандықтар әлі де естімеген ірі және кішігірім кәсіпорындары бар шағын қалалар қаншама?!

Толығырақ >>