KazakhExport Өзбекстанның сауда-экономикалық миссиясына және алғашқы халықаралық инвестициялық форумына қатысады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport Өзбекстанның сауда-экономикалық миссиясына және алғашқы халықаралық инвестициялық форумына қатысады

Сауда-экономикалық миссияның (СЭМ) ұйымдастырушысы "QazTrade" АҚ болып табылады. СЭМ негізгі мақсаты - тікелей байланыстарды жолға қою, қазақстандық кәсіпорындар үшін қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыру.

Алғашқы Ташкенттік халықаралық инвестициялық форум (АТХИФ) – бұл халықаралық бизнес қоғамдастыққа Өзбекстан мен Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті ашылатын, Орталық Азия өңірі үшін жаңа алаң. Форумға әлемнің 56 елінен келген іскер және саяси топтардың өкілдері қатысады.


Іс-шаралар шеңберінде KazakhExport делегациясы қатысушыларға KazakhExport-тың тауарлардың, қызметтер мен жұмыстардың шикізаттық емес экспортын қолдау шараларын ұсынады, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдау тәжірибесімен бөліседі. Бұдан басқа, жалпы жобалар мен бастамалар шеңберінде одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары мен практикалық аспектілерін талқылау мақсатында G2G, G2B және B2B форматтарындағы екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізу күтілуде.