«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам жарғылық капиталы 14 миллиард теңгеге ұлғайтылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам жарғылық капиталы 14 миллиард теңгеге ұлғайтылды

2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 426-V Заңының шеңберінде және 2016 жылғы 07 қазандағы жағдай бойынша бекітілген өзгертулері мен толықтыруларына сәйкес отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында кейіннен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам) жарғылық капиталын ұлғайту көзделетін, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім қабылданды.

KazakhExportты капиталдандырудың негізгі мақсаты қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға саудалық және экспорт алды қаржыландыру құралдары арқылы ілгерілету үшін экспорттаушыларға қаржылық қолдауды ұлғайту болып табылады.

Саудалық қаржыландыру құралы импорттаушыға қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін тиімді шарттармен қаражаттар береді. Экспорттаушы өзі үшін тәуекелсіз тауар тиеп- жөнелтілгеннен кейін төлемді дереу алады.

Экспорты алды қаржыландыру экспорттаушыға келісімшарт бойынша төлем мұрсатын беру арқылы айналым капиталын толтыру үшін қолжетімді қаржыландыруды алуға мүмкіндік береді. Экспорттаушы кәсіпорын айналым қаражаттарын өзгеге шығындамай тауарлар шығаруды жүзеге асыруға, неғұрлым агрессияшыл маркетинг саясатын жүргізуге, сөйтіп экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алады.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам жарғылық капиталын ұлғайту шикізаттық емес экспортты жыл сайынғы қолдауды шамамен 55 млрд. теңге сомаға ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есе көп. Кредиттік-сақтандыру қолдауымен 230-ға жуық экспорттық мәмілелер қамтылатын болады.

2015-2019 жж. ИИДМБ бағдарламасының шеңберінде экспортты қаржылық қолдау жөніндегі негізгі оператор ретінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам 2016 жылы отандық экспортқа 9,5 миллиард теңге сомаға, оның ішінде 4,2 миллиард теңге экспорттық кредитті сақтандыру өнімі бойынша, 2,8 миллиард теңге аккредитивтерді сақтандыру бойынша және 2,5 миллиард заемдарды сақтандырудың жаңа өнімі бойынша қолдау көрсетті.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қолдауымен 2016 жылы қазақстандық өндірушілердің өнімдері Әзірбайжанға, Беларусьқа, Германияға, Грузияға, Моңғолияға, Қырғызстанға, Ресейге, Тәжікстанға және Өзбекстанға экспортталды. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам бағдарламаларының қатысушылары Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары, сондай-ақ «Рахат» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «EURASIAN FOODS Company» АҚ, «Raimbek Bottlers» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ Қостанай кондитерлік фабрикасы, «Алина» КТ, «Агропродукт» КТ және басқа отандық алыптар болып табылады.