Павлодар облысында экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары талқыланды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Павлодар облысында экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары талқыланды

Экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің (ЭӨК) отырысына «KazakhExport» ЭСК» АҚ, "QazTrade" АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Сбербанк» АҚ ЕБ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ облыстың өңделген өнімдерін экспорттаушылар қатысты. Отырыс барысында қатысушылар экспорт және сыртқы нарықтарға шығу, көлік шығындарын өтеу шарттары, өңделген өнімді экспорттаушылар үшін сақтандыру және тағы басқа салалардағы бірқатар мәселелерді талқылады.

ЭӨК басты міндеті бизнес-қоғамдастық өкілдерінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және экспортты дамыту институттарымен тікелей байланыс орнату болып табылады.