KazakhExport Түркістан облысының кәсіпкерлерімен кездесті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport Түркістан облысының кәсіпкерлерімен кездесті

«TURKISTAN INVEST» Инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі» алаңында Түркістан облысының бизнесмендері KazakhExport өкілдерімен кездесу өткізді.

«KazakhExport» компаниясының сақтандыру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев пен компанияның өңірлік өкілі – Айнұр Анесова шикізаттық емес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді экспорттау үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы кәсіпкерлерге баяндама жасады.

Экспорттаушы экспортқа дейінгі қаржыландыруды, аванстық төлемді сақтандыруды, несиені, банктік кепілдіктерді және басқа да көптеген қолдауды ала алады. Бұдан басқа, KazakhExport шетелдік импорттаушыны тегін тексеруге, банктік шешім қабылдау процесін жеңілдетуге және жылдамдатуға мүмкіндік береді, шетелдік нарыққа шығу кезінде маркетингтік саясатты әзірлеуге көмектеседі.

Аталмыш іс-шара шикізаттық емес экспортты қолдау және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі ауқымды жұмыс аясында атқарылып жатқан жұмыстар тізбегі болып табылады.


Айта кетейік, өңірімізде CG Foods компаниясы және Кентау трансформатор зауыты аталған ұйымның мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы, экспорт көлемін ұлғайтуда.