Қазақстандық бизнесмендер «Kaznex Invest» АҚ өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бизнес-форум аясында Душанбеге барды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстандық бизнесмендер «Kaznex Invest» АҚ өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бизнес-форум аясында Душанбеге барды

Қазақстандық кәсіпкерлер Kaznex Investбастамасымен өткізілген форумның арқасында Душанбеге тауар мен қызметтерін жеткізеді. 

Қазақстандық бизнесмендер «Kaznex Invest» АҚ өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бизнес-форум аясында Душанбеге барды. Осылайша, Тәжікстан сауда миссиясының алтыншы алаңына айналды. Форумның негізгі мақсаты – 29 қазақстандық өндірушіні көрші елдің нарығына енгізу. Бұған дейін, Kaznex Invest арқасында отандық кәсіпкерлер бүкіл ТМД бойынша 46 млн. доллардың келісімшартын жасаған болатын. Душанбе – сауда миссиясы картасында кездейсоқ таңдалған жоқ, Қазақстан Тәжікстанмен сауда қатынасында көшбасшы үш елдің қатарына кіреді.

Дәрі-дәрмек, ұн және металл өнімдері – Тәжікстанда сұраныспен қолданылатын қазақстандық негізгі тауарлар. Біздің бизнесмендердің міндеті – шикізатты тәжік нарығына барынша молынан экспорттау.

«Форумда Қазақстанның 29 компаниясының өкілдері өз тауарларын көрсетті. Бұл біздің Тәжікстанмен екіжақты қарым-қатынасымыздағы маңызды оқиға», – деді Тәжікстандағы Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтимов.

– Тәжікстанның алдында тұрған стратегиялық үш міндет: энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, коммуникациялық тығырықтан шығу және азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету, бұл біздің кәсіпкерлер белсенді қатыса алатын пункттер. Қазақстанның металлургиялық өндірісінің географиялық жағынан Тәжікстанға жақындығы – бұл артықшылық. Екі ай бұрын қазақстандық кәсіпорындар Тәжікстанға 9 млн. доллардың өнімін жеткізді. Қазақстанның фармацевтикалық өндірісінен «Химфарм» компаниясы Иран мен Ресейдің дәрі-дәрмектеріне бәсекелес бола алады. Бұл өндірісшілер Тәжікстанда теңдей өз үлестерін ала алады».

«Химфарм» АҚ уәкілі Елена Фомина өз өнімдерінің Тәжікстан сұранысын толықтай қамтамасыз ете алатынына сенімді. Оның сөзіне қарағанда, компанияТМД территориясындағы ең байырғы және сол себепті сапаның барлық талаптарына жауап бере алады. Ал көршілес Қазақстаннан преператтарды жеткізу Иран мен Ресейден арзан тұрады.

«Біздің кәсіпорынның үлкен тарихы бар және мыңнан астам қызметкерлер жұмыс жасайды. Зауыттың өндірістік қуаты итальян және неміс өндірісшілерінің соңғы буындағы бірегей құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған. Бүгінгі таңда біз Қазақстанда көшбасшымыз, біздің қоржында 12 топтағы 60-тан астам преператтар бар. 2015 жылы біз 56 млн. орама шығардық, бұл ақшаға шаққанда 15 млрд. теңге. 2015 жылы біз бірінші ампульдық цехты, 2016 жылы ұнтақ түріндегі антибиотиктердің өндірісі цехын іске қостық, 2017 жылы енді сироп өндірісі цехын ашамыз. Тәжікстан нарығына жылына біз жылына 1 млн. доллардың тауарын жеткіздік, бұл ынтымақтастығымызды жалғастырудан және нарықты сапалы да тиімді преператтармен қамтамасыз етуден үмітіміз зор», – дегенді айтады Елена Фомина.

«KazakhExport» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков Тәжікстан нарығына өзінің кредиттік-сақтандыру компаниясын енгізіп жүргеніне бір жыл ғана болған жоқ. Оның пайымдауынша, қазақстандық бизнесмендер үшін тауарға қаржы салудан және оны көршілерге жіберуден қорқудың қажеті жоқ. Тіпті бизнест несие арқылы көтеру тәжіктерден арзанға түседі, оларда банктер несиені 18 пайыздық жылдық өсіммен береді.

«Тәжікстан – біздің ірі сауда серіктестеріміздің бірі. 2003 жылы «ҚазЭкспор Гарант» құрылғалы бері бізідң компания жыл сайын барлық сауда миссияларына қатысады, Тәжікстандағы банк пен компаниялармен өз қарым-қатынсымыз бар. Ірі келісімдердің бірі 2012 жылы болды. Қазақстан Тәжікстанға 5 млн. доллардың 5 локамативін экспорттаған кезде. Қазақстанда несие мөлшерлемесі тиімді, сондықтан біздің бизнесмендерге өзге елдерде бизнес жүргізу ұтымды. Біз өз клиенттерімізге түрлі құралдарды ұсынамыз. Олар төлемнің мерзімін ұзарта алады төмен пайыздық мөлшерлемемен. Сол себепті Тәжікстанда сатып алушылардың қымбат тауарға қайта төлеуге қажеттілігі жоқ. Осылайша, қазақстандық бизнесмендер тауары Тәжікстанның сауда сөрелерінде бәсекеге қабілетті», – дегенді айтады Руслан Искаков.