Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары

Құрметті Алматы қ. және Алматы облысының кәсіпкерлері!

KazakhExport сіздерді 2022 жылғы 18 наурыз сағат 11.00-де «Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында ZOOM платформасында өтетін онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Бірлескен ұйымдастырушылар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» ҚР ҰКП, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы.

Семинарда біле алатыныңыз:

  1. Қолданыстағы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламалары туралы (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру).
  2. Банктерде кредит беру кезінде кепілзат жетпесе не істеу керек?
  3. Шетелдік нарықтарға шығу кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
  4. Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелдермен келісімшартты қалай жасасуға болады?
  5. Жаңа жабдықтарды экспорттау/енгізу кезінде шығындардың бір бөлігін қалай өтеу, өнімді қалай сертификаттау/ қалай тегін кеңес алу және тағы басқа мәселелер.

Қатысу тегін! ⠀

Онлайн-семинарға тіркелу үшін, сондай-ақ сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыз: + 7 701 710 97 53 Анара Кабдугалиева

Сілтеме бойынша онлайн тіркелуге болады: https://docs.google.com/spreadsheets/d/1p-t7nKjkBaZ6fXoBP23AuMHqWbpu50fu/edit?usp=sharing&ouid=105632661228963655832&rtpof=true&sd=true