«KazakhExport» ЭСК» АҚ Маңғыстау облысындағы сорғы қарнақтары мен жалғастырғыштар шығаратын зауыт құрылысын қолдады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Маңғыстау облысындағы сорғы қарнақтары мен жалғастырғыштар шығаратын зауыт құрылысын қолдады

Объект «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында салынып жатыр және мұнай жабдықтарын өндіру бойынша толық циклді Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын болады. Зауыт елдің ішкі қажеттілігін 90% жабады деп күтілуде. Сондай-ақ, тауар Ресей мен Әзербайжанға экспортталатын болады.

Жобаның құны 10,7 млрд теңге. Кәсіпорынды ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа объект пайдалануға берілгеннен кейін 70 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жоба "Қарыздарды сақтандыру" құралы шеңберінде KazakhExport кепілдігімен Halyk Bank тартқан қаражат, сондай-ақ жеке ақшалай қаражат есебінен қаржыландырылады. Ағымдағы күні құрылыс жұмыстарының 70% аяқталды.