«Қазақстан қор биржасы» (KASE) мен «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-дары арасында өзара түсіністік туралы мемарандумға қол қойылды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«Қазақстан қор биржасы» (KASE) мен «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-дары арасында өзара түсіністік туралы мемарандумға қол қойылды

«Қазақстан қор биржасы» (KASE) АҚ-ы мен «KazakhExport» СК» АҚ-ы арасында өзара түсіністік туралы мемарандумға қол қойды. Оның аясында шикізаттық емес өнімдердің қазақстандық экспорттаушыларын бірлесіп қолдау жүзеге асырылмақ. 

Айқындалдалған ынтымақтастық мақсаттары: бағалы қағаздар нарығын дамытудағы әрекеттестік; экспорт пен сауданың және сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы экспортқа бағытталған отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қор нарығына шығуын ынталандыру және қолайлы жағдай жасау.

«Қол қойылған меморандум аясында экспортшыларда «KazakhExport» СК» АҚ-нан эмитент дефольты тәуекелін сақтандырумен қорғаумен қамтамасыз етілген облигациялар шығару мен орналастыру жолымен қор нарығына қарыз құралдарын тартуға мүмкіндік туады», – дегенді айтады KASE Басқарма төрайымы А.Ө.Алдамберген. Ол бұл құрал бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасында сұранысқа ие болатына және экспортшылардың қаражат ресурстарына тікелей қол жетімділігіне мүмкіндік беретіне сенімділігін білдірді.

Тараптар сондай-ақ, меморандум мақсатына жетуге бағытталған қажетті ақпараттарды алмасуға, тұжырымдамалық, әдістемелік, нормативтік және өзге құжаттарды бірлесіп жасауға келісім жасасты.

«KazakhExport» СК» АҚ Басқарма төрағасы Р.В.Искаков: «Біз бұл құралдың бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға сұранысқа ие болатынына және экспортшыларға ең арзан және ұлттық валютада ұзақмерзімдік қаржы ресурстарына тікелей қолжетімділігі болатынан есептеп отырмыз. Бұл, өз кезегінде шикізаттық емес экспорттың дамуына, яғни экономиканы әртараптандыруға серпін береді. Егер 2017 жылы купондық мөлшерлемені субсидиялау тетіктері мақұлданатын болса, менің көзқарасым бойынша республикалық бюджеттің жүктемесі азаяды» дегенді айтып отыр.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғамтұрақты негізде Қазақстан Республикасының экспортқа бағытталған кәсіпорындары мен ұйымдарының отандық қор нарғына шығуға дайындығы бойынша бірлескен мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. KASE, өз кезегінде қор нарығындағы әлеуетті эмитенттер туралы; экспортқа бағытталған ұйымдарға облигация жасау және оны енгізудің тәжірибелік тетіктері, эмитенттің дефольты тәуекелінен сақтандыруды қорғаумен қамтамасыз етілген талдамалық ақпараттармен алмасуға кепілдік береді.