Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге және ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты жағдайдың шикізаттық емес тауарлар және қызметтер экспорты нарығына әсері | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге және ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты жағдайдың шикізаттық емес тауарлар және қызметтер экспорты нарығына әсері

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге және ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты жағдай шет елдердің қазақстандық экспорттаушылармен ынтымақтасу ниетіне әсер етпейді - «KazakhExport» ЭСК» АҚ Бас директоры Руслан Искаков.

KazakhExport ұлттық экспорттық-сақтандыру компаниясының басшысы Руслан Искаков Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге және ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты жағдай шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты нарығына қалай әсер ететінін түсіндірді.

- Төтенше жағдай кезінде экспорттық келісімшарттар бойынша сақтандыру жағдайларының қанша саны тіркелді?
- Қазіргі сәтте төтенше жағдайға байланысты сақтандыру жағдайлары біздің клиенттеріміздің арасында жоқ. Біз жыл басынан бері келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамау қаупінен бір бидай ұны экспорттаушысының пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асырдық - импорттаушы алынған тауар үшін төлемді уақтылы төлемеді. Сақтандыру жағдайы 2021 жылдың соңында тіркелді және еліміздегі оқиғаларға байланысты емес.

- Экспорттаушылар қандай қиындықтарға тап болды?
Өндірістік процестер бөлігінде клиенттеріміздің көпшілігі штаттық режимде жұмыс істеді және өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Тауарларды жөнелту және жеткізу де үзіліссіз жүзеге асырылды.

Олар үшін басты проблема, әрине, интернеттің болмауы болды, соның салдарынан валюталық аударымдарда және сәйкесінше шикізат үшін төлем жасауда және экспортталатын өнімге алдын-ала төлем жасауда қиындықтар туындады.
Қысқа уақыт ішінде бұл компаниялардың қызметіне аздап жағымсыз әсер етуі мүмкін, алайда біз осы бағыттағы тәуекелдерді пысықтап, жедел әрекет ету үшін кәсіпкерлермен байланыста боламыз. Мұндай жағдайлар көп емес деп ойлаймыз, себебі тәртіпсіздіктердің шыңы 5-6 қаңтарға келді, ал жылдың алғашқы аптасында ұйымдар маңызды операцияларды жоспарламауға тырысады. Мысалы, мереке күндері 10 қаңтарға дейін созылатын Ресейге бағытталған экспорттаушылар ешқандай төлем жасамады және төлем күтпеді.

Біздің тарапымыздан клиенттеріміз сақтандыру сыйлықақыларын уақтылы төлемеген кезде, ТЖ режимінің қолданылуы кезеңінде барлық қолданыстағы шарттар бойынша сақтандыру қорғанысын тоқтатпау туралы шешім қабылданды.

- Импорттаушылар арасында толқулар болды ма?
- Біраз толқулар болды. Өзбекстан, Татарстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдегі шетел өкілдеріміз осы күндері бізбен байланыста болып, импорттаушыларды болып жатқан оқиғалар туралы хабардар етті. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, жыл басынан бері біз Ресей, Польша, Өзбекстан және Оманнан қазақстандық сусындар, ет, қызанақ және арматура жеткізуге 19 импорттаушының пайдасына экспорттық келісімшарттарды сақтандырдық.

- Бұл оқиғалар шет елдердің қазақстандық экспорттаушылармен ынтымақтасу ниетіне қалай әсер етеді?
- Қалыптасқан жағдай еліміздегі тұрақты жағдайдың басқа мемлекеттер үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Қазақстан олардың көпшілігі үшін стратегиялық маңызды әріптес болып табылады. Бұл шикізаттық және шикізаттық емес секторға да қатысты. Дәл осы шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспорты соңғы жылдары жақсы қарқын алуда. ТМД елдеріне май, ет, макарон өнімдерінің жеткізілімі артты. Отандық бидай мен ұн Тәжікстанның нан тұтынушылығын толықтай қамтамасыз етеді. Металлургиямыздың өнімдері Ресейдің көптеген ірі кәсіпорындарының сұранысын қанағаттандырады. Машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдері, электр жабдықтарының өндірісі сұранысқа ие екенін көрсетті.

2021 жылы KazakhExport қазақстандық экспорттаушыларға 204 млрд теңге сомаға қолдау көрсетті, бұл 2020 жылға қарағанда 50% - ға артық. 2022 жылы бұл көлемді 250 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, жаңа бағдарларды ескере отырып, қазақстандық экспорттаушылар көптеген шетелдік нарықтарды бағындырады.