Анонс! Мұнай өндіру жабдықтары қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Анонс! Мұнай өндіру жабдықтары қалай жасалады?

Теміртау қаласында орналасқан «Казарматура» ЖШС зауыты нөлден құрылған болатын. Бүгінгі таңда зауыт: мұнай өндіруге арналған жабдықтарды, мұнай-газ және энергетика салаларына арналған құбыр арматураларын өндіреді.

Өндіріс шикізатты қабылдаудан және оның сапасын тексеруден басталады.  Содан кейін металды кесіп, өңдейді.  Дайындамалар қажетті пішін мен өлшемге келтіріледі. Химиялық-термиялық өңдеу бөлшектердің қаттылығын және тозуға төзімділігін арттырады. Содан кейін бөлшектер, әрине, барлық сынақтардан кейін құрастыруға жіберіледі.

Өнімдерінің жоғары сапасының арқасында Казарматураның Қазақстанда да, шетелде де 60-тан астам тұрақты тұтынушылары бар.  Компанияға сыртқы нарыққа шығуға «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 18:40 және 22:40-та «Хабар 24» телеарнасынан «Made in Kz» бағдарламасын көріңіз.