Анонс! Қазақстандағы ең ірі фабрикада кілемдер қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Анонс! Қазақстандағы ең ірі фабрикада кілемдер қалай жасалады?

«Хабар24» телеарнасының «Made in KZ» апталық айдары аясында Шымкент қаласындағы «Бал Текстиль» фабрикасында кілемдердің қалай жасалатыны туралы.

 «Бал Текстиль» фабрикасы 2012 жылдан бері кілем шығарумен айналысады.  Әдемі әрі күрделі бұйым жасау жіпке қажетті шикізатты алудан басталады.  Бір кілем жасау үшін 19 мың орам жіп қажет. Жіп тоқыма станогына жүктеледі және болашақ бұйымның дизайны да жүктеледі. Кілем тоқылғаннан кейін одан әрі өңдеуге, сапасын бақылауға және қапталу үшін цехқа жіберіледі.

Кілемдер Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері мен Еуропада да үлкен сұранысқа ие. Қазақстандық компанияға өз тауарларын сыртқы нарықта табысты өткізуге «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 18:40 және 22:40-та «Хабар 24» телеарнасынан «Made in Kz» бағдарламасын көріңіз.