Анонс! Қазақстанда құрғақ құрылыс қоспалары қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Анонс! Қазақстанда құрғақ құрылыс қоспалары қалай жасалады?

Хабар24 телеарнасының «Made in KZ» апталық айдары аясында Алматыдағы «Alina Group» зауытында құрғақ құрылыс қоспалары қалай жасалатыны туралы.  Кәсіпорын өз жұмысын 1999 жылы бұрынғы Кеңес Одағы уақытында жұмыс істеген цемент зауытының орнында бастады. Қазір мұнда шпаклевка, сәндік сылақтар, герметиктер, грунтовка, гидрооқшаулағыш материалдар, плитка желімдері және т.б. шығарады. Шикізатты Қазақстанның түкпір-түкпірінен – Тараздан, Семейден, Ақтөбеден, Аягөзден әкелінеді.

Өндірістік қуаттылық – айына 30 мың тонна құрғақ құрылыс қоспалары.  «KazakhExport» ұлттық компаниясы кәсіпорынға өнім көлемін арттырып, сыртқы нарыққа шығуға көмектеседі.  Бұл «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы экспорттаушыны сыртқы сауда операциялары кезінде сақтандырады.  «KazakhExport» Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы бола отырып, компанияға Ресеймен сенімді сауда қарым-қатынастарын құруға көмектесті.

«Хабар 24» телеарнасынан «Made in Kz» бағдарламасын Нұр-Сұлтан уақытымен 18:40 және 22:40-та көріңіз.