Анонс! Алматыда мықты кабель құбырлары қалай шығарылады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Анонс! Алматыда мықты кабель құбырлары қалай шығарылады?

«Хабар24» телеарнасының «Made in KZ» апталық айдары аясында «Завод Высокопрочных Кабельных Труб» ЖШС бірегей кәсіпорны кабельдік жүйелердің жаңа буынына арналған серпімді құбырларды қалай шығаратыны туралы айтады.

Оларды қолдану аясы өте кең: электрлік, компьютерлік, теледидарлық желілер және т.б. Қала ортасының эстетикалық көрінісін сақтау үшін барлық кабельдерді жер астында төселеді. Осындай кезде ең қолайлы құбырлар түрі - сыртқы спиральды құбырдан және ішкі арналар жүйесінен тұратын құбырлар. Олар икемді, берік және орнату кезінде көп күш жұмсамайды. Мықты құбырлар сыртқы соққыларға немесе қысуға оңай төтеп береді. Құбырлардың спиральды пішіні жүктемені бүкіл ұзындығы бойынша таратады. Сонымен қатар, мұндай құбырлардың технологиясы экстремалды температураларға төзімді - Цельсий бойынша -60-тан +110 градусқа дейін.

«Завод Высокопрочных Кабельных Труб» дайын өнімнің 90%-н шетелге: Еуропа, Африка, ТМД елдеріне жібереді. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:40 және 22:40-та «Хабар 24» телеарнасынан «Made in KZ» бағдарламасын көріңіз.